Маңғыстаулықтар 12 млрд 600 млн теңгенің жобасын жүзеге асырған

31 Қаңтар 2020, 17:47
2775
Бөлісу:
Маңғыстаулықтар 12 млрд 600 млн теңгенің жобасын жүзеге асырған
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы іс-шаралар қорытындыланған жиында өңірлік жобалық офисінің басшысы Гүлайым Азан мәлімдеді.

Маңғыстау облысы "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруда республика бойынша көш бастап тұр. Өткен жылы көмекке мұқтаж 10-нан астам отбасы демеушілер қаржысына салынған жаңа үйлерге кіріп, қоныс тойын тойлады. Мысалға айтсақ, Маңғыстау ауданында "Әр қазақ - менің жалғызым" атты қайырымдылық акциясы кезінде "Айтыман" деп аталатын қоғамдық қор мүшелері Шетпе мен Қосбұлақ ауылында тұратын үш бірдей аз қамтылған отбасыға төрт пәтерлік муниципалды үй салып берді, - деді өңірлік жобалық офисінің басшысы.

Оның айтуынша, Ақтаудан ең шалғай аудан Бейнеудің 1991 жылғы түлектері бір жанұяға, Қарақия ауданының Мұнайшы мен Жетібай ауылындағы он отбасыға "Оғыланды - Бекет ата" қоғамдық қоры жаңа үйлердің кілтін табыстаған.

Сонымен қатар, Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылдық округінде тұратын үш отбасыға "Үммет жастары" атты қайырымдылық қоры баспана көтеріп берген. Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының екі тұрғынына жеке кәсіпкер Иса Бимырзаев, тағы бір жанұяға осы ауылдың тұрғындары қаражат жиып зәулім үй тұрғызып беріпті.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолғабыс етуге бағытталған сауапты жұмыстан ақтаулық меценаттар да қалыс қалмай келеді. Мәселен, облыс орталығында тұратын көп балалы бір отбасыға "K7Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Шадырақ Ермекбайұлы пәтер сыйлап қуантса, тағы бір отбасының үйі "Оңдасын-строй" мекемесінің қаржылай қолдауымен күрделі жөндеуден өткен.

Айта кету керек, өңір азаматтары жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, бұқаралық спортты дамытуға да белсенді атсалысып жүр. Осы күнге дейін демеушілер есебінен Маңғыстау облысындаағы бірнеш елді
мекенде жеті спорт кешені салынып, 16 балаларға арналған ойын және спорт алаңы қолданысқа берілді. Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламааралық мақаласында көрсетілген "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында жеке және заңды тұлғалардың қаржы бөлуімен "Көрпе-Fest" фестивалінде көп балалы он бес көп балалы анаға соңғы үлгідегі тігін машинасы тарту етілді. Сондай-ақ Қарақия ауданындағы төрт мектепте инклюзивтік білім беру кабинеті, Жетібай ауылында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру орталығы ашылып отыр, - деді Гүлайым Азан.
Тақырыпты толықтыра түсейік, өткен жылы жеке меценат қаржысына Жаңаөзенге қарайсты Теңге, Қызылсай және Рахат ауылындағы амбулаториялық орталыққа үш жедел-жәрдем көлігі мен тұрғындар игілігі үшін үш автобус сатып алынған.


Осы аталған Қызылсай мен Теңгеде, Маңғыстау ауданындағы Ақшымырау, Таушық, Ұштаған, Шебір елді мекенінде, Қарақияға қарайтын Сенек ауылында, Бейнеу ауданындағы Сарға мен Боранқұлда тұрғындар мен кәсіпкерлер, мектеп
түлектерінің демеушілігімен өзі туған ауылды көркейтуде көптеген игі істер атқарылған.

Атап айтсақ, кәсіпкер азаматтардың ақшалай қолдауымен Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылында "Айдар Ишан" руханият орталығы және Онды, Қызылтөбе ауылында зәулім мешіт салынды.

Брифингте биыл Ақтаудың 17-ші шағын ауданында заманауи үлгідегі спорт сарайы салынатыны да айтылды.

Жоба құрылысы демеушілер қаржысымен жүргізілмекші. Оған ұқсас әлеуметтік ғимараттар Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылында, Маңғыстау ауданындағы Жармыш селосында да бой көтеруі тиіс.
Соңғы аталған ауыл мен Шетпе кентінде ұлттық спорт алаңы, демалыс алаңын салу жұмыстары қатар жүрмекші.
Гүлайым Азанның сөзінше, осы жылы Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай республикалық дәрежедегі ескерткіштерге ғылыми-зерттеу экспедициялары да ұйымдастырылады деп көзделген.

Ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығы орай, "Фараби әлемі" атты ғылыми конференция, "Серікбол Қондыбайдың арғықазақ мифологиясын зерттеуде қолданған методологиясы мен логикалық тұрғыдан жобалау ерекшеліктері"
атты монография, Бату хан негізін қалаған Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай Атырау облысында, Маңғыстау өңірінде жатқан республикалық дәрежедегі "Шопан ата", "Қараман ата" ескерткішінде ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады. Басты тақырып - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясындағы мәдени іс-шаралар мен "Абай әлемі және қазіргі заман" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан бөлек облыс көлемінде кешенді іс-шаралар атқарылады, - деді ол.

Биылғы жылы өнерсүйер көпшілік Пір-Бекет Атаның 270 жылдығына орай қалалық ақындар мүшайрасы мен Ақтау қалалық "Жыр-ғұмыр" атты кәсіби жыршы-термешілер байқауын да тамашалай алады.

Қазақ халқының құнды жәдігері - киізүйдің түрлері, оның құрылымы, жасаушы шеберлер туралы деректер жинақталып, "Тіршілік нәрі, көненің көзі - Маңғыстау құдықтарын" зерттеу, олардың тізімін жасақтап картасын дайындау, мемлекет
қорғауына алу сынды жұмыстар жасалады.

Өңірлік сараптау кеңесі төрағасының орынбасары, өлкетанушы Алқажан Еділханның айтуынша, қазақстандық ғалымдар "Адай жылқысы" мәртебесін алу мақсатында бірлесе жұмыстануды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы