Елімізде 2352 мектептің дәретханасы далада орналасқан – министр

31 Қаңтар 2020, 17:05
1467
Бөлісу:
Елімізде 2352 мектептің дәретханасы далада орналасқан – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 1220 мектеп пен 1628 балабақшада бейнебақылау жүйесі орнатылмаған. 2352 мектептің дәретханасы далада орналасқан. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, 2352 мектептің дәретханасы жоқ, оның 2205 мектебі ауылда орналасқан. Дәретханасы далада орналасқан 147 мектеп – қалалық білім ордасы.
1220 мектеп пен 1628 балабақшада бейнебақылау жүйесі орнатылмаған. 2352 мектептің дәретханасы далада орналасқан. Оның 2205-і ауылдық жердің мектептері, – деді министр.
Білім саласында үнемі кадр тапшылығы болатыны "үрдіске айналғандай". Асхат Аймағамбетов еліміздегі мектептерде мұғалімдердің жетпей жатқанын атап өтті. 
464 мектепте директор жоқ. 199 мектепте байқау үрдісі жүріп жатыр. 265 мектепте байқау жариялау керек. 5267 пән мұғаліміне тапшылық туындап отыр. Орыс тілі пәнінен 936 мұғалім керек. 754 мұғалім бастауыш сыныптарға қажет, – деді білім және ғылым министрі.

Бұған дейін министр мектепке дейінгі білім беру саласында Шымкент қаласы көш бастап тұрғанын айтқан болатын. Ал, 3-6 жастағы балаларды біліммен қамту саласында Алматы қаласы көш соңында келе жатыр.
Өзгелердің жаңалығы