Все новости за 30 қаңтар 2020
-
-
Такси жүргізушісі Уханьнан келген жолаушыны жолда түсіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таксиге отырған жолаушы жөтеле бастаған. Жүргізушіге Уханьнан келгенін айтып, ауруханаға жеткізуін өтінген.
-
Швецияда Сальвадор Далидің 400 мың доллар тұратын мүсіндері ұрланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швецияның көркемөнер галереясынан Сальвадор Далидің мүсіні ұрланды. Ұрылар ғимаратқа терезені сындырып кірген.
-
Алдағы бес жылда күн ыстық болады – ғалымдар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдан 2024 жылға дейін әлем бойынша ауаның орташа температурасы бұған дейінгі температурадан бір жарым еседей жоғары болады.
-
Германия Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Германия СІМ басшысы Х. Маас ҚР Президентінің бейбіт жиналыстар бостандығы, саяси партияларды қалыптастыру, өлім жазасын жою және т.б. салаларда жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады.
-
Алматыда коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан дәрігер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы бірлесіп, 2020 жылдың 30 қаңтарына Алматы қаласында коронавирус инфекциясының тіркелмегенін ресми мәлімдейді.
-
Өскеменде биыл 9 балабақша ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығындағы балабақшаларда орын жетпегендіктен 7 мыңнан астам бала кезекте тұр.
-
Абай-175: 13 жасар павлодарлық Абайдың 30 өлеңін жатқа біледі
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің мектеп оқушылары ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқуға құмар. Қазақ сыныптарымен қатар, орыс тілінде білім алатын балалар Абай шығармашылығын зерттеп, одан сабақ алуға ниетті.
-
ШҚО тұрғыны сегіз жылда мал басын мыңға жуықтатқан
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттен қолдау тауып, төскейді төрт түлікке толтырған жармалық "Жан" шаруа қожалығы мал басын мыңға жуықтатқан.
-
Тау шаңғысынан Янциндегі әлем кубогі кейінге шегерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты халықаралық шаңғы федерациясы, Қытай тау шаңғы қауымдастығы мен жергілікті Янцинь қаласының ұйымдастырушылары 15-16 ақпан күндеріне жоспарланған тау шаңғысынан ерлер арасындағы Audi FIS әлем кубогін кейінге шегергенді жөн санады.
-
Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына және "Digital Almaty" форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген Беларусь премьер-министрі Сергей Румаспен және Молдова премьер-министрі Ион Кикумен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Рrimeminister.kz.
-
"Жиырма теңге". Қырғыз қыз. Теміржол
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбылдық ерікті, Тараз станциясының операторы, жас теміржолшы Мээрім Кочорбаеваның "Жиырма теңге" жобасы "Қазақстан Теміржолы" ҰК" АҚ басшылығы тарапынан қолдау табуда.
-
Президентке уран өндіруші компанияның жоспарлары туралы баяндалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Абай-175: Ақын тойы есеп үшін емес, ең болмаса бір өлеңді талдап, ұғынуға арналса
Флешмоб, акциялардан іргемізді аулақ салып, жастарға тағылым беретін шараларға ойыссақ
-
Биыл 37 мың мәдениет қызметкерінің айлығы өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін мәдениет және спорт министрлігінің Алқа мәжілісі өтті. "Астана Балетте" өткен іс-шара аясында министрлік 2019 жылды қорытындылап, 2020 жылғы жоспарымен бөлісті.
-
Сыртқы сауда айналымы өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы сауда айналымы ұлғайды. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім болған сыртқы сауда айналымына қатысты инфографика.
-
Коронавирус: Моңғолиялық оқушылар сабақты телеарна арқылы оқиды
Алғашқы аптада теле-сабақ тек моңғол тілінде өтсе, бір аптадан кейін сол елде тұратын қазақ балалара арнап қазақ тілді теле-сабақтар да өте бастайды. Бұл үшін қазір арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.
-
Түркістандық еріктілер ардагерлерге құрмет көрсетті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еріктілер жылына орай, Түркістан облысында тағы бір қайырымдылық шара болып өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған еріктілер тобы бұл жолы "Ардагерлерге құрмет" атты акция барысында қарттарға жан жылуын сыйлап, көңілдерін көтеруге тырысты.
-
Елорданың Байқоңыр ауданына жаңа әкім тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.
-
Кір қолмен көзімізді ұстасақ инфекция жұғуы мүмкін – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның бас дәрігері, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан тараған коронавирусқа байланысты тұрғындарға толық гигиеналық нормаларды басшылыққа ала отырып, қолды жуып жүруге кеңес берді.
-
Денсаулық министрі: Біз 5 млн маскаға резерв құрдық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына көптеген азаматтар қоңырау шалып, өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып жатыр. Соның бірі – әуежайдағы қазақстандық жолаушыларды маскамен қамтамасыз етуге қатысты сауалдар легі жетерлік.
-
Маңғыстау облысында құны 5,2 млрд теңгелік бес жоба іске қосылмақ
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Осындай ақпарды өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен жиында басқарма басшысы Серік Қалдығұл келтірді.
-
Абай-175: 700 бала Абай әндерін орындады
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ұлы ақынның "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай" әндерін хорға тұрып орындады.
-
Америкалық сарапшылар Тоқаевтың бастамаларын жоғары бағалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Америкалық танымал сараптамалық орталықтардың бірі Карнеги қорының ұйымдастыруымен АҚШ астанасы Вашингтонда Қазақстанның қазіргі дамуына арналған талқылау өтті.
-
Қытайдан дене қызуымен келген 54 адамның 16-сы ауруханадан шықты – Біртанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасынан 6 қаңтардан бастап келе бастаған 54 қазақстандық жоғары қызумен ауруханаға түсіп, оның ішінде 16 науқас емделіп шыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі брифинг барысында айтты.
-
Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген цифрландыру және инновациялар саласындағы шетелдік іскерлік, үкіметтік және сарапшылық орта өкілдерімен кездесулер өткізді.
-
Министр: Қазақстанда бірде-бір коронавирус жұқтырған адам жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдан келген қазақстандық азаматтардың ешқайсысынан вирус табылмаған. Коронавирус диагнозы қойылды деген ақпарат – фейк. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баспасөз брифингінде мәлім етті.
-
Жауапты 100 пайыз орыс тілінде беріп отырсыз – депутат шенеунікті орнына қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешовті орнына қойды.
-
Бірден Ақордаға кіріп жатыр: Депутат қынжылысын білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов жас мемлекеттік қызметкерлердің еңбек жолын ауылдан бастамай, бірден жоғары жаққа ұмтылатынына қынжылысын білдірді.
-
ШҚО-да үйлер қар астында қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның Шемонаиха ауданында тұрғын үйлерді қар басып қалды.
-
Биыл әл-Фараби мұрасын барынша жария ету қолға алынады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы әл-Фарабидің 1150 жылдығында іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарға көңіл бөлініп, сол жобалар қаржыландырылса, жақсы болар еді.
-
Былтыр мемлекеттік бюджет кірістері 101,2% орындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім болған мемлекеттік бюджет кірістеріне қатысты инфографика.
-
Өскеменде май зауытындағы өрт ауыздықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 11.30-да Степная көшесіндегі май зауытының аумағында өрт шықты. Күнбағыс дәндерін тазалайтын цех пен шикізат қоймалары өртенді, деп хабарлады Altaynews.
-
Ресейде 500-ден астам балықшы суға кетіп қала жаздады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Сахалин облысында 500-ден астам балықшы апатқа ұшырай жаздады.
-
Абай-175: "Абай жолының" мажар тіліндегі нұсқасы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қаңтарда Будапештте ҚР елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойын мерекелеу аясында дөңгелек үстел өткізді.
-
Жоғарғы сот үш адамды ақтады
Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған. ҚК-нің 74-бабы 1-тармағына сәйкес жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілген.
-
АӘК алуға өтініш бергендердің 40 пайызы көпбалалы отбасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 80,5 мың отбасынан өтініш қабылданды.
-
Волонтер жылы: Павлодарлықтар ірі географиялық кітапхана құруға мүдделі
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің қоғамдық белсенділері жерлестерін ірі географиялық кітапхана құруға шақырды. Идея авторлары - Павлодар география үйінің өкілдері.
-
Әскери-тарихи музей ҰОС кезінде із-түссіз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздейді
2020 жылғы қаңтар айы бойынша ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайына соғысқа қатысқандардың туыстарынан 556 өтінім келіп түсті. 48 өтінім бойынша алғашқы жерлеу орындарының орналасқан жері туралы ақпарат анықталды.
-
Оралдық келіншек атыраулықтарды алдап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда балаларын қосымша даярлық сыныбына беремін деп, тақырға отырған ата-аналар прокуратураға арызданды.
-
Елордада түнде отыз мың текше метрге жуық қар шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бүгін түнде 29 306 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды қалалық әкімдігінің ресми сайты.
-
Педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін шекті балл жоғарылайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 60 балға дейін өскен болатын, ендігі кезекте 2020 жылы шекті балды 70 балға дейін арттыру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
-
Енді емделуден бас тартқан қытайлықтар қылмыскер саналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хубэй провинциясының билігі карантинге мойынсұнбаған 2019-nCoV коронавирусын тасымалдаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартатын болды.
-
Бұдан былай құл болғымыз келмейді – ақтөбелік жұмысшылар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе локомотив депосының 100-ден астам жүргізушісі мен жұмысшылары бастықтарының жұмыстан босатылуын талап етуде. Бұл туралы Rikatv.kz хабарлады.
-
Қазақстан Канаданы басып озатын ең ірі өндірушіге айналды – неміс инвесторы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі күні Қазақстан Германияға негізгі биошикізат жеткізушілердің біріне айналды. Бұл орайда неміс компаниясы қазақстандық фермерлерге Германияда өз өнімдерін сатуға арналған онлайн алаң ұсынды. Бүгін сауда және интеграция министрлігі неміс серіктестерімен агроөнеркәсіптік кешенде электрондық сауданы дамыту мәселелерін талқылады.
-
Қазақстан-Үндістан тауар айналымы 1,56 млрд долларға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соның ішінде Қазақстан эскпорты – 1299,1 млн АҚШ доллар, ал Үндістан экспорты 267,9 млн АҚШ доллар болды.
-
Қапшағайда коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция "Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі адам жатқызылды" деп жалған ақпарат таратқан адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғады.
-
Футзалдан ұлттық құрама бапкері: Мақсатымыз – әлем чемпионы болу
Қазақстанның футзал құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов ішкі чеспионаттың деңгейі өскенін айтып, әлем біріншілігінен кейін карьерасын аяқтайтынын жеткізді.
-
Қазақстандағы Германия елшісі: "Фермерлерден бастап, шанышқы және үстелге дейін" саралануы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сауда және интеграция министрлігінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасын дамытуға арналған конференция өтті.
-
Елорда маңына қатынайтын екі автобус қозғалысы қалпына келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала маңына қатынайтын №313 және 314 автобустардың қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлады Астана LRT ресми сайты.
-
Оқушылар үшін "жоспарланбаған каникул" аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Боран мен қатты аяздың "арқасында" 8 күн демалған оқушылар мектеп парталарына қайта оралады.
-
Ұшақтар Иран әуе кеңістігі арқылы қайта ұшатын болды
Алматы, BAQ.KZ. Еуропаның авиация қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі Иран әуе кеңістігін пайдаланбау жөніндегі тыйымды алып тастады.
-
Қазір бухгалтер айлық есептеп, салық тапсыратын маман емес – Дмитрий Годун
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі бухгалтерлерді қаржы менеджері деп айтуға болады. Олардың нарықтағы қажеттілігі жыл сайын артып келеді.
Мұндай пікірді "1С Қазақстан" компаниясының директоры Дмитрий Годун айтты.
-
Әлемді 30 минут ішінде жоюға қабілетті 5 сүңгуір қайық белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. National Interest журналы әлемді 30 минут ішінде жоюға қабілетті бес сүңгуір қайықтың тізімін жасады. Бұл әскери көліктердің үшеуі - ресейлік, қалған екеуі - американдық. Бұл туралы "Ria.Ru" сайтында хабарланды.
-
Тоқаев Ермек Көшербаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады.
-
Нұр-Сұлтанда "1С" бухгалтерлер мен жетекшілердің" ІХ форумы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі форумда есеп мамандары 2020 жылы ҚР Салық кодексі саласында болатын өзгерістерді талқылайды.
-
Қытай билігі коронавирустың қай кезде тоқтайтынын атады
Алматы, BAQ.KZ. Қытай билігі бүкіл әлемді алаңдатқан қауіпті вирустың таралуы қай кезде бәсеңдейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
-
Бублик пен Кукушкин Australian Open-2020 жарысының финалына шыға алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияда теннистен Australian Open-2020 жарысының жұптық ойындары өтіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Қытайда тағы бір әлемдік дода өтпейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын наурыз айында Қытай мемлекеті өткізу керек болған. Бірақ коронавирусқа байланысты әлемдік дода 2021 жылға ауыстырылды.
-
Жарты млн теңгенің теміржол төсемін ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері 500 мың теңгеге жуық темір жол төсемдерін ұрлады деген күдікпен бір топ азаматты құрықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шавкат Рахмоновтың (12-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қарсылас болатын польшалық Бартош Фабински (17-3) өзінің жеңетініне сенеді.
-
Қытай коронавируспен күресуге 3,9 млрд доллар бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасының қаржылық органдары коронавируспен күресуге 3,9 млрд долларға жуық ақша бөлді. Бұл туралы ҚХР Қыржы министрлігі хабарлады.
-
Коронавирус Қытайдың барлық территориясына тарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пневмония салдарынан қайтыс болғандар саны 170-ке жетті. Жеті мыңнан астам адам жұқтырған.
-
Бүгін еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қаңтар күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде ауа сапасы қалыпты болады.
-
Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 30 қаңтарда Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, қалалық білім басқармасы таратқан ақпаратта.
-
30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
-
Мирзиёевтің қызы өз еркімен қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қаңтарда Өзбекстан Президент әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Комил Алламжонов пен директордың орынбасары Саида Мирзиёева өз еркімен қызметінен кетті.
-
Шөкеев ет саудасын ретке келтіруді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданындағы шаһар шырайын қашырған сұрықсыз сауда орындары мен олардың салық төлеу тәртібін ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Елордада жаңа балабақша мен 4 мектеп ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Есіл" ауданының әкімі Берік Жәкенов аудандағы білім беру орындары жайлы халыққа есеп беру кездесуінде баяндады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
ВВС 450 жұмыс орнын қысқартатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BBC 2022 жылға қарай 80 миллион фунт қаржыны (103 миллион доллар) үнемдеуге бағытталған стратегия аясында BBC News-тің жаңалықтар бөлімінде 450-ге жуық жұмыс орны қысқаратынын жариялады, деп хабарлады bbc.com.
-
Қазақстанда қанша жас кәсіпкер бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша елде 29 жасқа дейінгі 145,7 мың жас жеке кәсіпкер тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға көп, деп хабарлады energyprom.kz.
-
"Ауылым – алтын тұғырым" байқауының уақыты ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ауыл" партиясы және "Мәдениет" порталының ұйымдастыруымен өтетін "Ауылым – алтын тұғырым" әдеби-онлайн конкурсының шығармаларды қабылдау мерзімі қазылар алқасының шешімімен 2020 жылдың 15 наурызына дейін ұзартылды.
-
Бас қаладағы төтенше жағдай қашанға дейін жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жағдай әбден тұрақталғанша төтенше жағдай режимі сақталады, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
Атырауда "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы бастау алды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы атыраулық кəсіпкерлерді қаржыландыруға 1,9 млрд. теңге бөлініп, оның барлығы игерілген. Бұл "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында жүзеге асқан.
-
Ғалымдар коронавирусқа қарсы жаңа вакцина ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы жаңа вакцина ойлап тапты, бірақ оны сынақтан өткізу үшін көп уақыт қажет екенін айтады. Бұл туралы Гонконг университетінің микробиологы хабарлады.
-
Абай-175: "Абай жолын" зағип жандар да оқи алады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыстың бас шаһарында брайль шрифтімен жазылған "Абай жолы" романы жарық көрді.
Наверх