ШҚО-да үйлер қар астында қалды

30 Қаңтар 2020, 16:45
6812
Бөлісу:
ШҚО-да үйлер қар астында қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның Шемонайха ауданында тұрғын үйлерді қар басып қалды, деп хабарлады Altaynews.

Осы айда Шығыста қар қалың жауып, жиі боран соғуда.

Шемонайха ауданында кеше түнде қарлы бораннан кейін үйлер мұржасына дейін қар астында қалған екен. Жолдарды түгел қар алған. Өткен аптада да бұл ауданда қалың қар жауып, тұрғындардың аулаға шығуы мұң болған еді.

Қазір тұрғындар әлеуметтік желіге фотосуреттер мен бейнежазбаларды жүктеп, таратуда.



Өзгелердің жаңалығы