Әскери-тарихи музей ҰОС кезінде із-түссіз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздейді

30 Қаңтар 2020, 14:33
2147
Бөлісу:
Әскери-тарихи музей ҰОС кезінде із-түссіз кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінің іздестіру-экспедициялық бөлімі Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық сарбаздарға іздестіру-мұрағаттық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

2020 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толады. Ұзақ жылдар бойы көптеген қазақстандық отбасылар үшін ата-бабаларының қабірінің нақты орналасуы туралы ақпарат қолжетімсіз жәнеде әлі күнге дейін 100 мыңнан астам қазақстандық жауынгерлер қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп есептеледі. 

Іздеу жұмыстары үшін ТМД және алыс шетелдердегі қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен сарбаздардың деректер базасы, интернет-ресурстар және бұрын жабық болған ақпараттар, сонымен қатар шетелдік мұрағаттар және 1941-1945 жылдардағы қызыл әскердің қайтарымсыз шығыны туралы құпиясыздандырылған хабарламалар пайдаланылады. 

Сонымен қатар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайларымен, мұрағаттармен, ғалым-зерттеушілермен, мұрағатшылармен, іздеушілермен, "Атамнын Аманаты" қоғамдық бірлестігімен және жергілікті әскери басқару органдарымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. 

2020 жылғы қаңтар айы бойынша ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайына  соғысқа қатысқандардың туыстарынан 556 өтінім келіп түсті. 48 өтінім бойынша алғашқы жерлеу орындарының орналасқан жері туралы ақпарат анықталды. 

Олардың 38-і Ресей Федерациясының аумағында орналасқан (Ростов облысы, Матвеево-Қорған ауданы; Орлов облысы, Ульянов ауданы; Карело-фин КСР, Петровский ауданы және т. б.); 

4-і Мажарстан аумағында (Мике-Перч ауылы, батыс аймақ); 

2-і Латвияда (Карсаев уезді); 

2-і Германияда (Бранденбург, Ной-Левин ауылы, ағалық қабір); 

1-і Польшада (Мазовецк елді-мекені); 

1-і Белоруссияда (Полесск облысы); 

Күнделікті 3-тен 5-ке дейін өтінімдер түседі. 

Қырық жылдық өтілі бар тәжірибелі "Мемориалдық аймақ" іздестіру жасағының командирі Майдан Құсайыновтың айтуынша, жоғалған жауынгерлерді іздеудің түрлі әдістері бар. 

Мәселен, мұрағаттық-далалық жұмыстардан бастап интернет-іздестіруге дейін. Қазір әлеуметтік желілердегі түрлі топтар мен қауымдастықтар қаза тапқан жауынгерлерді іздеу мәселесін шешудегі қуатты ресурс болып отыр - дейді ол.  

Бөлімше жоспарында – ТМД және Еуропа елдерінде жерленген жерлерге шығуды ұйымдастыру арқылы іздеу жұмыстарын жетілдіру, әскери құрмет көрсету және Біз үшін Ұлы жеңіске жеткендер үшін соңғы әскери рәсімді орындау.

Өзгелердің жаңалығы