Қапшағайда коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар ұсталды

30 Қаңтар 2020, 12:25
1876
Бөлісу:
Қапшағайда коронавирус туралы жалған ақпарат таратқандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция "Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі адам жатқызылды" деп жалған ақпарат таратқан адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғады.

29 қаңтарда WhatsApp желесінде Қапшағай ауруханасына коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен екі адам жатқылды деген жалған ақпарат тараған. 

Тексеру барысында ақпарат расталмады. Құқық қорғау органы қызметкерлері фейк ақпарат таратқан адамдардың кім екенін анықтаған. Шұғыл іздестіру шаралары аясында екі күдіктіні ұсталып, Қапшағай қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Екеуі де жергілікті аурухананың жедел жәрдем көлігінде жүргізуші болып жұмыс істейді. Бұндай жаған ақпарат таратуына не итермелегенін тергеу ісі кезінде анықталады, - делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Полицияда хабарлағандай, ұсталған адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабаның 1-тармағы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жауапкершілікке тартылады.


Өзгелердің жаңалығы