Швецияда Сальвадор Далидің 400 мың доллар тұратын мүсіндері ұрланды

30 Қаңтар 2020, 23:15
1483
Бөлісу:
Швецияда Сальвадор Далидің 400 мың доллар тұратын мүсіндері ұрланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швецияның көркемөнер галереясынан Сальвадор Далидің мүсіні ұрланды. Ұрылар ғимаратқа терезені сындырып кірген. 

Швеция астанасы Стокгольмның орталығындағы Couleur галереясынан суретші Сальвадор Далидің қоладан жасалған он шақты мүсіні ұрланды. Мүсіндердің құнын қосқанда 3-4 миллион швед кронына (шамамен 400 мың доллар) тең бағаланып отыр, деп жазады SVT.

Галерея иесі Педер Энстрёмның айтуынша, мүсіндердің ұрланғанын таңғы төртке қарай белгілі болған. 
Қазір 10-12 мүсіннің ұрланғанын көрдік. Қайғырып тұрмын. Мен осы көрмені ұйымдастыру үшін ұзақ уақыт тырыстым, - деді Couleur иесі.

Оның айтуынша, ұрлық "әбден ойластырылған". Полицияның хабарлауынша, ұрылар ғимаратқа терезені сындырып кірген. Екі адам болып ұрлауы мүмкін. Мүсіндерді көлікпен алып кеткен. 

Көрме 18 қаңтар күні ашылды. Бірнеше мүсін арнайы осы көрме үшін қойылған болатын.
Өзгелердің жаңалығы