Қытай коронавируспен күресуге 3,9 млрд доллар бөлді

30 Қаңтар 2020, 09:39
1476
Бөлісу:
Қытай коронавируспен күресуге 3,9 млрд доллар бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасының қаржылық органдары коронавируспен күресуге 3,9 млрд долларға жуық ақша бөлді. Бұл туралы ҚХР Қыржы министрлігі хабарлады.

Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің және Мемлекеттік кеңестің стратегиясына сәйкес, қаржылық органдар ауру профилактикасы мен бақылау жұмыстарын қолдап отыр. 2020 жылдың 29 қаңтары сағат 17.00-дегі (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15.00 – ред.) жағдай бойынша қаржылық ұйымдар бірлесе отырып, профилактика мен бақылауға қажетті қосымша құралдар үшін 27,3 миллиард юань (3,9 миллиард долларға жуық) көлемінде ақша бөлді, - деп жазылған Қаржы министрлігінің ресми хабарламасында. 

Дәл қазір әлем бойынша 8 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған.

Қытайда коронавирустан зардап шеккендер саны 170-ке жетті. 7771 адам жұқтырған деп тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы