Өскеменде май зауытындағы өрт ауыздықталды

30 Қаңтар 2020, 16:02
1235
Бөлісу:
Өскеменде май зауытындағы өрт ауыздықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 11.30-да Степная көшесіндегі май зауытының аумағында өрт шықты. Күнбағыс дәндерін тазалайтын цех пен шикізат қоймалары өртенді, деп хабарлады Altaynews.

Өскемен қалалық Төтенше жағдай басқармасының ақпараты бойынша, екі сағат бойы сөндірілген өрт ауыздықталды. Жалпы аумағы 670 шаршы метрді құрайды.

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 70 адам және 20 техника жұмылдырылды. Қазір өрт орнында оны толықтай ауыздықтауға бағытталған жұмыстар әлі де жалғасуда. Өрттің шығу себебі алдағы уақытта зерттеледі.


Өзгелердің жаңалығы