Жарты млн теңгенің теміржол төсемін ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

30 Қаңтар 2020, 10:11
1644
Бөлісу:
Жарты млн теңгенің теміржол төсемін ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері 500 мың теңгеге жуық темір жол төсемдерін ұрлады деген күдікпен бір топ азаматты құрықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Достық станциясындағы Желілік полиция бөліміне теміржол ұйымының өкілі белгісіз адамдардың рельсті бекіту элементтерін, атап айтқанда теміржол төсемдерін теміржол паркінен ұрлап кеткенін хабарлап, шағымданды.

Шығын көлемі жарты миллион теңгені құрайды.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Достық станциясының ЖПб қызметкерлерімен "Камаз" маркалы жүк көлігін тексеріп, Алматы облысының 26 жастағы тұрғынының басқаруындағы шанақтан тиісті құжаттары жоқ темір жол төсемдері табылды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы яғни, ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен бір топ адам анықталды. Дәлелді айғақтар толығымен алынды.

Полицейлер мұндай қылмыстардың аса қауіпті болуы мүмкін екендігін атап өтті. Бекіту элементтерінің зақымдануы – рельстердің кеңейіп, пойыздардың шығып кету қаупіне әкелуі мүмкін.


Өзгелердің жаңалығы