Бублик пен Кукушкин Australian Open-2020 жарысының финалына шыға алмады

30 Қаңтар 2020, 10:41
1094
Бөлісу:
Бублик пен Кукушкин Australian Open-2020 жарысының финалына шыға алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияда теннистен Australian Open-2020 жарысының жұптық ойындары өтіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.  

Аталған додада қазақстандық жұп Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жарыс жолынан шықты.

Жартылай финалдық бәсекеде отандық теннисшілер Раджив Рам (АҚШ) иен Джо Солсбериге (Ұлыбритания) қарсы ойнады. Нәтижесінде ойын 6:4, 3:6, 4:6 есебімен қарсыластар еншісіне шешілді.

Өзгелердің жаңалығы