Ресейде 500-ден астам балықшы суға кетіп қала жаздады

30 Қаңтар 2020, 15:51
1964
Бөлісу:
Ресейде 500-ден астам балықшы суға кетіп қала жаздады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Сахалин облысында 500-ден астам балықшы апатқа ұшырай жаздады, деп жазды Хабар24. 

Әуесқой балықшылар Мордвинова шығанағында мұзда қармақ салып отырғанда ол ойлып, бөлініп кетті. Дереу құтқару шаралары қолға алынып, балықшылардың бәрі аман-есен жағаға шығарылды.

Айта кетейік, аймақта дәл осындай жағдай қаңтардың 22-сі күні де болған. Ол кезде де 300 адам балық аулап отырған кезде мұз ойылып, балықшылар суға кете жаздаған.


Өзгелердің жаңалығы