Қазір бухгалтер айлық есептеп, салық тапсыратын маман емес – Дмитрий Годун

30 Қаңтар 2020, 11:16
4775
Бөлісу:
Қазір бухгалтер айлық есептеп, салық тапсыратын маман емес – Дмитрий Годун

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі бухгалтерлерді қаржы менеджері деп айтуға болады. Олардың нарықтағы қажеттілігі жыл сайын артып келеді.
Мұндай пікірді "1С Қазақстан" компаниясының директоры Дмитрий Годун айтты.

Қазір бухгалтер айлық есептеп, салық тапсыратын мамандар емес. Әлем бойынша бухгалтерлер трансформацияланып жатыр. Бүгінгі бухгалтер қаржы менеджері деуге болады. Сондықтан үнемі білімін жетілдіріп, жаңа шешімдермен таныс болу керек. Сондықтан бухгалтерлердің көбі франшизаны пайдаланып, түрлі кәсіпорында қаржылық аутсорсинг жүргізе алады. Батыс нарығында, Америка Құрама штаттарында мәселен, аутсорсинг бухгалтерлердің үлесі артып келеді. Бізге де осы әлемдік үдеріске ілесу керек, - деді директор "1С" бухгалтерлер мен жетекшілердің" ІХ форумында.

Дмитрий Годунның айтуынша, бүгінде елімізде бухгалтерлер үшін айтарлықтай проблема жоқ, бірақ кейбір мемлекеттік органдардың мәліметке қолжетімділігі жылдамырақ мүмкін болса деген тілегі бар.

Қазір біздің салада нақты проблема бар деп айта алмаймын. Бірақ қандай да бір мәселе туындаса, шешімін тез табамыз. Тек мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан ашықтық болғанын қалаймыз. Бұл бухгалтерлер есеп жүргізгенде қажетті мәліметті алуына тез әрі оңай болуы үшін керек. Қазір бұл бағытта көп жұмыс атқарылып жатыр. Бірден болмайтынын білеміз. Техникалық, операциялық мәселелер бар дегендей. Бірақ қазіргі заманауи ІТ салада пайдаланушылар үшін сервистер көп. Сондықтан пайдаланушылар сапалы әрі тез жұмыс істейтін сервисті таңдайды, - деді директор.

Сонымен қатар, Дмитрий Годун бүгінде "1С Қазақстан" жергілікті ІТ компаниялар үшін бизнес ашып, жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отырғанын тілге тиек етті.

Жергілікті ІТ компанияларын "1С"  жақсы қолдайды демес бұрын, былай айту керек. "1С" енгізілетін барлық жаңарту, баптау, өзгеріс жергілікті ІТ компаниялардың басшылығымен іске асады. Тек платформа ретінде "1С" қолданады. Яғни, біз жергілікті ІТ компанияларға бизнес ашып беріп отырмыз деуге болады, - деді "1С Қазақстан" директоры.
Қазір Нұр-Сұлтанда "1С" бухгалтерлер мен жетекшілердің" ІХ форумы өтіп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы