Америкалық сарапшылар Тоқаевтың бастамаларын жоғары бағалады

30 Қаңтар 2020, 17:21
1346
Бөлісу:
Америкалық сарапшылар Тоқаевтың бастамаларын жоғары бағалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Америкалық танымал сараптамалық орталықтардың бірі Карнеги қорының ұйымдастыруымен АҚШ астанасы Вашингтонда Қазақстанның қазіргі дамуына арналған талқылау өтті. 

Талқылауға американдық сараптамалық институттардың, университеттік орталықтар мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері және Қазақстан тарапынан Президент кеңесшісі Ерлан Қарин, Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесінің атқарушы директоры Ескендір Ақылбаев қатысты. Іс-шараның барысында қатысушылар Қазақстандағы соңғы процесстерді талқыға салып, елдегі өзгерістер бойынша пікір алмасты.

Америкалық сарапшылар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамаларына жоғары баға беруде. Атап айтқанда, қоғамдық диалогты дамытуға бағытталған Ұлттық кеңестің құрылуы, соңғы жарияланған экономикалық және саяси реформалар, халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының жүзеге асырылуы сияқты бастамалар жаңа трендтердің қалыптасуына түрткі бола отырып, Қазақстанды аймақтағы маңызды модель ретінде көрсетеді - дейді ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин.
Өзгелердің жаңалығы