Алматыда коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан дәрігер ұсталды

30 Қаңтар 2020, 22:05
1842
Бөлісу:
Алматыда коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан дәрігер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы бірлесіп, 2020 жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласында коронавирус инфекциясының тіркелмегенін ресми мәлімдейді.

Алматыда вирусты жұқтыру жағдайлары туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған бейнематериалдар шындыққа жанаспайды. Бұл видео – жалған. 

Қалада жағдай тұрақты. Сіздерден арандатушылық пен қауесетке сенбеуге, тек билік тарапынан берілетін ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз. Біз құқық қорғау органдарына арандатушыларды анықтау жөнінде өтініш бердік, – деді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова.
Бүгінгі күні Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Бұл мәселе шаһар басшысының жіті бақылауында. Сондай-ақ қала әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен коронаровирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Өңірлік штаб жұмыс істейді.

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Қазақстанның бірде-бір өңірінде, оның ішінде ірі қалаларда коронавирус жағдайлары тіркелмегенін атап өтті.

Қала басшылығы Алматыдағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Бүгін әлеуметтік WhatsApp желісінде өзін дәрігермін деп таныстырған ер адам Алматыда коронавирус жұқтырған 70-тен астам науқас тіркелді деген видеоақпарат таратқан болатын. Көп ұзамай құқық қорғау органының қызметкерлері жалған ақпарат таратқан дәрігерді анықтады. Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының дәрігері Айтанжан Думан Кенбейілұлы өзінің бұл әрекетіне өкінетінін айтып және халықтан кешірім сұраған видеосы да жарияланды.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы