Қытай билігі коронавирустың қай кезде тоқтайтынын атады

30 Қаңтар 2020, 10:51
21136
Бөлісу:
Қытай билігі коронавирустың қай кезде тоқтайтынын атады

Алматы, BAQ.KZ. Қытай билігі бүкіл әлемді алаңдатқан қауіпті вирустың таралуы қай кезде бәсеңдейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, коронавирустың ең жоғарғы таралуы ақпан айының ортасында шегіне жетеді. Одан кейін бәсеңдеп, наурыз айының соңында толық тоқтайды.

Қытайдағы аурудың алдын алу мен бақылау орталығының жетекші эпидемиологы Цзэн Гуанның айтуынша, әр аурудың өз инкубациялық кезеңі болады.
Уханда карантин жарияланған 23 қаңтардан бастап есептейтін болсақ, онда 8 ақпаннан бастап нақты нәтижені көретін боламыз. Өйткені эпидемияның таралуы бәсеңдейді, - деді ол.

Еске салсақ, 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдағы Ухань қаласында қауіпті вирус тарай бастады. Бұл вирусқа - 2019-nCoV атауы берілген.


Өзгелердің жаңалығы