Қазақстан Канаданы басып озатын ең ірі өндірушіге айналды – неміс инвесторы

30 Қаңтар 2020, 12:45
2288
Бөлісу:
Қазақстан Канаданы басып озатын ең ірі өндірушіге айналды – неміс инвесторы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі күні Қазақстан Германияға негізгі биошикізат жеткізушілердің біріне айналды. Бұл орайда неміс компаниясы қазақстандық фермерлерге Германияда өз өнімдерін сатуға арналған онлайн алаң ұсынды. Бүгін сауда және интеграция министрлігі неміс серіктестерімен агроөнеркәсіптік кешенде электрондық сауданы дамыту мәселелерін талқылады. 


Қазақстан еуропалық нарықта астық және майлы дәнді-дақылдардың негізгі өндірушісі болып табылады.
Бір қызығы, Қазақстан Германияға экологиялық зығырды жеткізуде көшбасшы болып табылады. Еуропаға майлы дақылдар мен дәндер ғана емес, сонымен бірге жабайы өсетін терімдер да түседі. Мәселен, Германиядан кез-келген органикалық супермаркетте ұсынылған ағылшын компаниясының әйгілі органикалық шайының мия тамыры Қазақстаннан импортталады, - деді Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының сарапшысы Александр Лысенков.
онди1.jpeg

Сонымен қатар, Қазақстан Германияға маңызды шикізат жеткізушілердің бірі екен. Еуропада, атап айтқанда Германияда биологиялық шикізатқа деген сұраныс жыл сайын артып келеді дейді сарапшылар. Тек 2019 жылдың өзінде бұл елдегі органикалық нарық 10 миллиард еуродан асып, өсуді жалғастыруда, дегенмен оның өндірістік ресурстары тапшы.

Осыған байланысты, неміс сарапшылары қазақстандық фермерлерге өз өнімдерін Германияда сататын онлайн-алаң ұсынады. Бұл сайтта нарықтық ақпарат, шикізат бағалары және болашақ болжамдары бар. Қазір неміс сауда алаңында 70 мыңнан астам компания ынтымақтастыққа дайын.
Бүгін біз зығыр тұқымдары, органикалық егіншілік, астық өсіру туралы әңгімелестік. Қазақстан Канаданы басып озатын ең ірі өндіруші. Біз Қазақстанды маңызды алаңдардың бірі ретінде қарастырамыз. Біздің міндетіміз - арнайы шарттар мен стандарттарды сақтауды ескере отырып, барлық қатысушыларға ауылшаруашылық нарыққа шығуды және жұмыс істеуді жеңілдету. Алаңда аграрлық сектордың 10 тілінің ұсынылуы біз үшін өте маңызды. Қазақ тілі барған сайын маңызды бола түсуде. Біз интерфейсте қазақ тілі бар екенін ескертеміз, - деді Dedere Deutschland GmbH компаниясының инвесторлармен байланыс жөніндегі директоры Томас Буль.

Екіжақты кездесу аясында қатысушылар кедендік талаптар, сапа стандарттары, агроөнеркәсіп кешеніндегі проблемалар және оларды бірлесе шешу жолдарын талқылады.





Өзгелердің жаңалығы