Коронавирус Қытайдың барлық территориясына тарады

30 Қаңтар 2020, 09:02
3171
Бөлісу:
Коронавирус Қытайдың барлық территориясына тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пневмония салдарынан қайтыс болғандар саны 170-ке жетті. Жеті мыңнан астам адам жұқтырған.


Қытайда коронавирустан зардап шеккендер саны 170-ке жетті. 7771 адам жұқтырған деп тіркелді. Бұл туралы South China Morning Post  газеті ҚХР Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының деректеріне қарап хабарлады.
 
Коронавирус Қытайдың барлық территориясына тарады. Бұған дейін Тибетте жұқтырған факті тіркелмеген болатын. 

Бір күн бұрын 132 адам қайтыс болды және 5974 адам ауырып жатыр деген ресми хабарлама болған.

Тәулік ішінде 1737 адам жұқтырып, 38 адам қайтыс болды. Олардың ішінде 37 адам Қытайдың орталығындағы Хубэй провинциясында қаза тапты. Вирус дәл осы аймақтан тарай бастаған болатын.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны сегіз мыңға адамға жетіп қалды.
Өзгелердің жаңалығы