Все новости за 2 қазан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматыда ТМД елдерінің қауіпсіздігі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында үйлестіруші орталығының
ТМД-ға қатысушы мемлекеттері қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және
биологиялық қауіпсіздігі әскерлері басшыларының 10-отырысы өтті, деп хабарлады ҚР
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Белгілі айтыскер Жарқынбек Наушабеков өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі ақын, Оңтүстік өңіріндегі айтыс өнерінің талантты өкілдерінің бірі — Жарқынбек Наушабеков 44 жасына қараған шағында ауыр науқастан өмірден өтті. Бұл туралы «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» РҚБ хабарлады.
-
Экоакция шеңберінде күзде 1 миллионға жуық ағаш отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбіде министрлер мен әкімдер республикалық акцияға қатысады. Оның аясында еліміздің мектептерінде алғашқы экологиялық сағат өткізіліп, мектептерде ағаш отырғызылады.
-
Қарағанды облысының шаруалары елордаға 600 тоннадан астам өнім әкеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанның 5-6 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке аясында Бауырсақ және қымыз фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
«Астана» мен «Барыс» ойындарына 12 автобус ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» ФК мен «Барыс» ХК ойындары кезінде елордада 12 Shuttle автобустың қозғалысы ұйымдастырылады.
-
Елордада тарихи нысандарға тегін экскурсия жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары мен қонақтарына тарихи нысандарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылды. Экскурсияны әр сәрсенбі сайын кәсіби гидтер жүргізеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Жезқазғанда су құбыры жарылып, 389 көпқабатты үй сусыз қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
-
Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ертең сағат 12.55-те жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Президент халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады.
-
Саво Милошевич: «Астана» сапынан Томасов пен Маевскийді ерекше атап өтемін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ертең Еуропа лигасының екінші турында «Астана» мен «Партизан» кездеседі. Осы ойынның алдында «Партизан» командасының бас бапкері Саво Милошевичтің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтеді.
-
Эндокринолог дәрумендердің зияны туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрумендер мен минералдар адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы ria.ru сайтында хабарланды.
-
«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі Оскарға ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО-дағы 8 жылдан бері бітпей тұрған жылу қазандығы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Жарма ауданына жұмыс сапарымен барып, ОВ-156/18 мекемесіндегі өндірістік аумақта болып, жылу қазандығының құрылысымен танысты.
-
«Астананы» жеңуге шамамыз жетеді - Зоран Тошич
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ертең Еуропа лигасы аясында елордада «Астана» мен Сербияның «Партизан» клубтары кездеседі. Осы ойынның алдында өткен баспасөз мәжілісінде «Партизан» жартылай қорғаушысы Зоран Тошич тілшілердің сауалына жауап берді.
-
3 жылда Елордада 100 шақырымнан астам веложол салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматы медсақтандыру жарнасын төлеу жағынан алдыңғы орында тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорға түскен қаржының бестен бір бөлігі бұрынғыша оңтүстік астаналықтарға тиесілі, деп хабарлады МСҚ Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
-
Тоқаев Досаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мамин жұмыс сапарымен Шымкент пен Түркістан қалаларында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын және Түркістан қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша өңірге жұмыс сапарымен барды.
-
Қолында кірпіші бар ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахтинскіде ішімдікке масайған тұрғын әйелін шанышқымен жаралап, көмекке келген дәрігерлерге кірпіш ала жүгірген.
-
Дариға Назарбаева Съезд Хатшылығының басым бағыттарын айқындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен өткен жұмыс отырысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XVIII Хатшылығының қорытындысы нақтыланды.
-
Кипр президенті Қазақстанның елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Кипрдағы елшісі Дулат Қуанышев Кипр Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ел президентінің қабылдауында болды.
-
Париждегі қазақ-француз келіссөздері стратегиялық серіктестік деңгейінде өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Парижде өткен келіссөздерінің нәтижелері қазақ-француз стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға деген өзара мүдделілігін көрсетті.
-
Ұлттық банк гауһар тасты монета шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкі 2 қазанда номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен, номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" монеталар сериясынан "ÚKI" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
4 жасар бүлдіршінді өрттен құтқарған полицей марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қыркүйек күні Түркістандағы «Роял Гранд» қонақ үйінен шыққан алапат өртті сөндіруге атсалысқан қызметкерлер марапатталды.
-
Елордада бірнеше көшеде уақытша жол жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың бірнеше көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Елімізде анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада 80-ге жуық лифтті ауыстыру қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үйлерді тапсыру кезінде құрылыс салушылар лифтілерді орнатпаған. Сонымен қатар өрт дабылы жүйесі де ойластырылмаған. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының қалалық филиалының алаңында елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты.
-
Тоқаев: Еліміз сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық стандарттарды ұстанып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қатысушылар тараптары ассамблеясының сегізінші отырысы өтіп жатыр.
-
2025 жылы мұнай өндіру көлемі 105 млн тоннаға жетуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мұнай-газ саласындағы инвестициялық жобалар туралы баяндап берді.
-
Ербол Еділов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ербол Еділов Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы оның Facebook-тегі парақшасында хабарланды.
-
9 млн адам газ тұтынады – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқын газдандыру деңгейі 50% жетті. Бұл туралы Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
-
Тоғыз айда 67 млн тонна мұнай өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірінші Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында тоғыз айдағы мұнай-газ саласындағы жағдайды баяндады.
-
Еліміздің шығысында -12°С-қа дейін суық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Манзоровқа қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты мәлімдеме жасады.
-
Археологтар XIV ғасырдағы 7 кесененің орнын тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында археологтар тарихи маңызы бар көне мазарлардың орнын тапты.
-
Түркістанда ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында Түркістан облысы ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр.
-
Францияда қазақ киносының фестивалі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің 26-29 аралығында Парижде өткен Қазақ киносының фестивалі аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген фильмдер естелік жүлделермен марапатталды.
-
Ер адам екі баласымен қоса көпқабатты үйден секіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Саратов облысында ер адам мен екі бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
-
Ұлттық кеңесте көтерілген мәселелер Президент әкімшілігінде талқыланды - Қарин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Ақордада Ұлттық кеңестің мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстарды қарастыру Жоспары аясында алғашқы жұмыс жиналысы өтті. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді.
-
Мемқызметкерлердің салғырттығынан қарағандылық тиісті зейнетақысын ала алмай отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке жолдаған сауалында тиісті зейнетақысын ала алмай отырған қарағандылық әйелдің жағдайын баяндап, жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің жұмысын сынады.
-
Депутат «Серпін» бағдарламасына қатысатын облыстардың санын қысқартуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа арнаған депутаттық сауалында «Серпін» бағдарламасының тиімділігі сын көтермейтінін айтып, бірқатар ұсынысын жеткізді.
-
Әскери бөлімдерге батырлардың есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері ендігі уақытта қазақстандық армия тарихында маңызды рөл атқарған құрметті әскери қызметшілердің есімімен аталатын болады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Рудныйдағы өрт. Зейнеткер өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. подъезден 13 адам эвакуацияланды, оның екеуі – бала. Бұл туралы zakon.kz сайтында хабарланды.
-
Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 4-6 қазан аралығында Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде «Алтын алма» атты көрме-жәрмеңкесі өтеді.
-
Ресейлік алаяқтар қазақстандықтардың шоттарынан 200 млн теңге жымқырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Ресей аумағындағы алаяқтардың интернеттегі жарнама арқылы қазақстандықтардың банк шоттарынан 200 млн теңге көлемінде ақша жымқырғаны туралы мәлімдеді.
-
Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі саясаткер, идеолог, саясаттанушы ғалым Берік Әбдіғалиұлы Президент Әкімшілігінің және жергілікті Мәслихаттың келісімімен туған өңірі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданына әкім болып тағайындалды.
-
Бірнеше облыста жол қауіпсіздігі күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы жəне Жамбыл облыстық полиция Департаментінің əкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп қауіпті аймақтар жəне жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскелерінде «жол-патрульдік полиция» көлігінің макеттерін орнатты.
-
Павлодар облысындағы жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазанда Ленинский-Курчатов трассасындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 1994 жылғы жігіт қаза тапты.
-
Елордада тұмауға қарсы егу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазаннан бастап қалада тұмауға қарсы иммунизациялау науқаны басталды. Бүгінгі күні әкімдік 100 мың доза вакцина сатып алды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Перуде автобус құздан құлап, 23 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға туристік нысандарымен танымал Киспиканчи провинциясында болды.
-
Елордада емле ережелерін оқыту сыныптары ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астанада латын әліпбиінің емле ережесін үйретуге арналған оқыту сыныптары ашылды.
-
Мәжіліс жұмылдыру дайындығы мен мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаттары ҚР заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды.
-
Мәжіліс мембасқару жүйесі мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіретін заң жобасын қолға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерге ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралды.
-
Мемқызметкерлер смартфонды қайта ұстауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған мәселеге қатысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты.
-
Республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде баяндады.
-
Жезқазғанда тұрғын үй құрылысын екі есеге ұлғайтамыз – Жеңіс Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті әкімдіктегі активте Жеңіс Қасымбек Жезқазғанды дамыту және жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты нақты жоспарларды жариялады.
-
Полицейлер жоғалып кеткен оқушыны тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында полиция қызметкерлері оқушы қызды тауып, ата-анасымен қауыштырды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
-
Жетпістегі қария 70 сотталушыны жұмыспен қамтып отыр
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. 70 жастағы қария Ермекбай Салімбаев Тараз қаласындағы ЖД 158/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 70 сотталушыны жұмыспен қамтып, аталық қамқорлығын көрсетіп отыр.
-
Солтүстік Корея Жапон теңізіне зымыран жіберді
Алматы, BAQ.KZ. 2 қазан күні КХДР Жапон теңізіне қарай белгісіз зымырандарын жіберді. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.
-
Түркия электронды темекіні сатуға тыйым салмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлім етті, деп хабарлады aa.com.tr.
-
Желіде Димаштың жаңа бейнебаяны пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген "Знай" атты әнінің бейнебаянын жариялады. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
-
Солтүстік Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне қажеттілік шешімін тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында белгілі болды.
-
Қостанай облысында медициналық зиянды қалдықтар ашық жерге төгілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында медициналық зиянды қалдықтар заңсыз төгілген орын анықталды.
-
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі. БҰл туралы "Қазгидромет"РМК-дан хабарлады.
-
2 қазанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда Түркі кеңесінің 7-саммитіне дайындық мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев пен ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі кеңесінің 7-саммитіне дайындық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Түркі кеңесі хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Жамбыл облысында Өтеген батырдың 320 жылдығы атап өтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауданында Өтеген батырдың 320 жылдығы тойланды.
-
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Қытайдағы ірі турнирге қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасының мүшелері Қытайда өтетін Shanghai Trophy ірі халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Ұлттық банк жастарды жұмысқа шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкі өзінің кадрлық резервін қалыптастыру үшін іріктеу жұмысын бастады. Бұл туралы бас банктың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Пластиктен біртіндеп бас тарту әлемдік трендке айнала бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Жаһан жұрты қоршаған ортаның ластануына алаңдаулы. Қазір қолданылған пластиктің 50%-ы мұхиттарға төгіліп жатқан көрінеді, деп хабарлайды 24.kz.
-
ПИК қызметі ашық болуы керек – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен ПИК-тің жұмыс сапасы мен электрондық пәтер иелері кооперативін құру қажеттілігі туралы мәселе "Nur Otan" партиясының қалалық алаңында талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
-
Жыл басынан бері қазақстандық және шетелдік авиякомпаниялар 7 халықаралық рейс ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Айбек Әлжанов Primeminister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында белгілі болды. Ол азаматтық авиацияның бүгінде қалай дамып жатқаны, таяу арада қандай шаралар қабылданатыны жайлы кеңінен тоқталды.
-
Қазақстан ЕАЭО елдерін көлік инфрақұрылымын бірлесіп дамытуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ереван қаласында (Армения Республикасы) Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ отырысы шеңберінде "Еуразиялық континенттің транзиттік әлеуеті" халықаралық форумы өткізіледі. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Наверх