Павлодар облысындағы жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды

2 Қазан 2019, 12:22
2147
Бөлісу:
Павлодар облысындағы жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазанда Ленинский-Курчатов трассасындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 1994 жылғы жігіт қаза тапты.

Түрлі жарақат алған Lada автокөлігінің жолаушысы және Lifan көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Павлодар Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 1 қазанда Ақсу қаласының жанындағы Ленинск-Курчатов трассасының 20-шақырымында сағат 18.15 шамасында болған.

"Lifan X50 автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Lada 217153 көлігімен бетпе-бет соғысқан. Салдарынан Lada көлігінің 1994 жылғы жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті", - делінген ведомство хабарламасында.  

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.  

Өзгелердің жаңалығы