Перуде автобус құздан құлап, 23 адам қаза тапты

2 Қазан 2019, 11:55
2053
Бөлісу:
Перуде автобус құздан құлап, 23 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға туристік нысандарымен танымал Киспиканчи провинциясында болды. Бұл туралы korrespondent.net сайтында хабарланды.

Перудің оңтүстігінде болған жол-көлік оқиғасынан 23 адам қаза тауып, 30 адам зардап шекті. Бұл туралы 1 қазанда Peru 21 газеті елдің жолаушылар мен жүктердің жерүсті көлігін қадағалау қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Автобус 100 метрлік биіктіктен құлап кеткені белгілі болды. Зардап шеккен адамдар жақын маңдағы қалаларындағы ауруханаларға, соның ішінде туристік нысандарымен ерекшеленетін Куско ауданындағы ауруханаға жеткізілді. 

Жол апатының себебі әлі анықталған жоқ. Бұған дейін Перу астанасының орталығында автобус өртеніп, 20-дан астам адам қаза тауып, 8 адам зардап шеккені туралы жазылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы