Түркістанда ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр

2 Қазан 2019, 15:25
2251
Бөлісу:
Түркістанда ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында Түркістан облысы ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр.

Форум барысында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының өкілі орталықтың 2009 жылдан бастап жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Орталық 2009 жылдан бастап ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдау және дамыту үшін жұмыс істеп келді. Туындаған мәселелер мен кедергілерге қарамастан, біздің клиенттеріміздің арасында бизнеске өз үлесін қосып, жұмыс орындарын құрып, аймақтың экономикасын дамыта алатындар бар», - деді «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Ақмарал Қансейіт.

ГШ.jpg

Ақмарал Қансейіттің айтуынша, соңғы он жыл ішінде 19 мыңнан аса жоба қаржыландырылған.

«2009-2019 жыл аралығында біздің ұйым 62,4 млрд теңгеден астам суммаға 19 136 жобаны қаржыландырды. Сондай-ақ 44 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, 18,5 млрд теңге көлемінде қаражат сырттан тартылды және жергілікті бюджетке 1,4 млрд астам салық төленді. Компания тарихында қаржыландырылған 19136 жобаның 22% бұл ауыл әйелдерінің жобалары. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2%-ға өсті», - деп атап өтті орталық өкілі.

ГШ2.jpg

Оның айтуынша, орталық көпбалалы әйелдерді қолдау үшін «Кәсіпкер ана» бағдарламасын әзірлеген.

«Көпбалалы әйелдерді қолдау үшін «Кәсіпкер ана» бағдарламасын әзірледік. Осы жылдың наурыз айынан бастап кәсіпкер әйелдерді 2 млн теңгеге дейін қаржыландыруды бастадық. Бүгінгі күні 28 млн теңгеге 14 жоба қаржыландырылды. "Кәсіпкер ана" жобасы арқылы кәсіпкер Тәжібаева Зауре Түркістан қаласында тігін цехын ашып, өз ісін бастап кетті. Сондай-ақ қызықты бизнес жобаларды ұсынуға дайын ауылдағы әйел-кәсіпкерлермен әріптестікті қарастыруға әрқашан дайынбыз» - деді ол.

Форум Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылып келеді.

Форум соңында 7-8 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін қазақстан ауыл әйелдерінің екінші форумына делегаттар сайланады.

Өзгелердің жаңалығы