Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Манзоровқа қатысты мәлімдеме жасады

2 Қазан 2019, 15:52
1500
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Манзоровқа қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Манзоровтың іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-баптың 4-тарауының 2-тармағы бойынша (ірі көлемде жасалған алаяқтық) айыпталып отыр. Прокуратураға күдіктіні үй қамаққа алу туралы өтініш жіберілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», - деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғанын растаған болатын.

Айта кетейік, Манзоров Бағдат Сайланбайұлы биыл шілде айында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы