9 млн адам газ тұтынады – министрлік

2 Қазан 2019, 16:20
2062
Бөлісу:
9 млн адам газ тұтынады – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халқын газдандыру деңгейі 50% жетті. Бұл туралы Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

"Өткен жылмен салыстырғанда мұнай өнімдерін өндіру біршама өсті. Атап айтсақ, бензин – 14%, дизель отыны – 10%, әуе отыны – 2 есе. Мұнай өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы бөлшек сауда нарығына әсер етті, онда жылдың басынан бастап бензин бағасы төмендеген болатын. Өндірісті қолдау мақсатында шілде айынан бастап автобензин бойынша экспортқа жол ашылып, шамамен 32,5 мың тонна автобензин экспрортталды", - деді Досмұхамбетов. 

Оның сөзінше, газ өндіру көлемі – 41,8 млрд текше метрді, тауарлық газ өндірісі 24,6 млрд текше метрді құрады.

"Көтерме нарықта бағаның негізсіз өсуіне жол берілмеді, бұл халық үшін газ бағасының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді. Елімізде газдандыру деңгейі 50% дейін жетті, газды шамамен 9 миллион адам тұтынады. Өңірлерде биыл шамамен 73 газ инфрақұрылымы жобасы іске асырылып жатыр", - деді бірінші вице-министр. 

Еске сала кетсек, жыл басынан бері елімізде 67 млн тонна мұнай өндірілгені белгілі болған еді.

Өзгелердің жаңалығы