Эндокринолог дәрумендердің зияны туралы айтты

2 Қазан 2019, 21:05
3642
Бөлісу:
Эндокринолог дәрумендердің зияны туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрумендер мен минералдар адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы ria.ru сайтында хабарланды.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі Эндокринология ұлттық медициналық зерттеу орталығының эндокринологы Фатима Дзгоева RT арнасына сұқбат берген кезде дәрігерлің нұсқауынсыз дәрумен мен минералдар қолдану адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретінін айтты.

«Дәруменді жөнсіз қолдану адам ағзасында жаңа өскіндердің пайда болу қаупін тудырады. Белгілі бір жаста құрамында темірі көп дәруменді шектен тыс қолдану Альцгеймер және Паркинсон дертінің дамуына ықпал етеді», - деді маман.

Ол адамға қандай дәрумен жетіспейтінін дәрігер медициналық тексеруді толық өткізгеннен кейін анықтайтынын айтты. 

«Кей науқас дәрігер кеңесіне құлақ аспай, өз-өзін емдеумен айналысады. Олар ағзасына магний, хром, мырыш қанша мөлшерде жетпей тұрғанын өздері анықтап алады. Ал адам организмі адамға қарағанда ақылды, бірақ адам өз-өзін емдеумен айналыса бастаса, ол болып жатқан өзгерістерге қарсы тұра алмай қалады», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы