Алматыда ТМД елдерінің қауіпсіздігі талқыланды

2 Қазан 2019, 23:38
1748
Бөлісу:
Алматыда ТМД елдерінің қауіпсіздігі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында үйлестіруші орталығының ТМД-ға қатысушы мемлекеттері қорғаныс министрлігінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздігі әскерлері басшыларының 10-отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдері Қарулы Күштерінің делагациясы мен ТМД қорғаныс министрлігі кеңесінің хатшылығы заманауи жағдайлардағы РХБ қауіпсіздігінің басты қауіптерін талқылады. Одан басқа, ТМД-ның біріктірілген радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалдары дамуының басты бағыттары анықталды және өзара іс-қимыл жоспары нақтыланды.

Кездесуді қорытындылай келе, ТМД елдері Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздігіне бағытталған келіссөз табысты өтті.

"Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс басшыларының үйлестіруші комитеті 2008 жылы қарашада құрылды. Жиынды жыл сайын әліппедегі кезек реттілігімен әрбір мемлекет қатысушылары өткізеді. Өткен жылы талқылау Минск қаласында болды", - делінген хабарламада.

Үйлестіруші комитет келісімшарттағы қатысушы мемлекеттердің аумағында радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалға күнделікті бақылау жүргізуді, өзге мемлекеттердің аймағында ахуалдың өзгеруі және радиоактивті заттардың, улы химикаттар мен биологиялық құралдардың таралуындағы қауіптілік туралы ақпараттарды аталған мемлекеттердің әскери басқару органдарына уақытылы жеткізу сынды бірқатар міндеттерді атқарады.

Бұдан басқа, комитет әскерлердің жауынгерлік дайындығын жоғарылатуды, ақпарат алмасудың нысандары мен әдістеріне бірыңғай тәсілдерді әзірлеумен айналысады. Жедел есептерді жүргізу әдістерін, сондай-ақ біріккен жүйенің жұмыс істеуінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруді орындайды.

Аталмыш комитет құрамына кіретін мемлекеттермен тұрақты негізде ТМД-ның жағдайында радиациялық, химиялық және биологиялық біріккен жүйесі әскерлерінің өзара іс-қимылдарын пысықтайтын бірлескен жаттығулар мен жиындар жүргізілетінін айта кеткен жөн.


Өзгелердің жаңалығы