Саво Милошевич: «Астана» сапынан Томасов пен Маевскийді ерекше атап өтемін

2 Қазан 2019, 21:10
1742
Бөлісу:
Саво Милошевич: «Астана» сапынан Томасов пен Маевскийді ерекше атап өтемін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ертең Еуропа лигасының екінші турында  «Астана» мен «Партизан» кездеседі. Осы ойынның алдында «Партизан» командасының бас бапкері Саво Милошевичтің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтеді. 

- Біз бүгін жаттығу өткіздік. Футболшылардың бәрі қатарда. Өте қиын матчқа дайындалып жатырмыз.

- Қазақстанға ұзақ жол жүріп келдіңіздер. Қалай жеттіңіздер? 

- Адаптация жоспар бойынша өтіп жатыр. Матчқа дейін әлі де уақыт бар. Кішігірім проблеманың бәрі шешімін табады деп ойлаймын.

- «Астана» сапында кімді ерекше атап өте аласыз?

- Томасов, Маевский секілді ойыншыларды айтуға болады. Жеке шеберліктері өте жоғары. Бұл жерде жеке ойыншыларды емес, «Астананы» команда ретінде ерекше айтуға болады. 

- Матч жасанды алаңда өтеді. Осыны ескерсек, ойынға болжамыңыз қандай?

- Бұл ойында жеңілмейміз дегенге сенгім келеді.

- «Партизан» 100% өз мүмкіндігін көрсете ме? Әлде сақ ойнауға тырыса ма?

- Біз ойынымызды көрсетуге тырысамыз. Кез келген команданың өз философиясы бар. Әрине, біз қарсыластың әлсіз тұстарын іздеп көреміз. Бірақ команданың ойын философиясы кез келген жағдайда өзгермейді.

Өзгелердің жаңалығы