Нұр-Сұлтанда Түркі кеңесінің 7-саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

2 Қазан 2019, 07:16
1762
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Түркі кеңесінің 7-саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев пен ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі кеңесінің 7-саммитіне дайындық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Түркі кеңесі хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде Бағдад Әміреев мен Мұхтар Тілеуберді алдағы 15 қазанда Баку қаласында өтетін Түркі кеңесінің 7-саммитінің дайындық мәселелерін талқылады. Министр ТМЫК-тың 7-саммиті барлық мүше мемлекеттердің мүдделеріне қызмет ететін бұл халықаралық ұйымның тарихындағы айрықша оқиға болатынын атап өтті.

Бұдан басқа, Б.Әміреев пен М.Тілеуберді Өзбекстанның Түркі кеңесіне толыққанды мүше ретінде кіруіне, Мажарстан байқаушы елінде кеңестің Еуропалық офис-өкілдіктің ашылуына, ұйымның экономикалық векторының нығаюына, сондай-ақ оның басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың барысына зор қанағаттанушылық білдірді.

ҚР сыртқы істер министрі бас хатшыға ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты әрі кеңейту жолындағы жұмыстарына сәттілік тілеп, алдағы саммит Түркі кеңесіне мүше елдердің бірлігін одан әрі нығайту жолында маңызды қадам болатынына сенім білдірді.



Өзгелердің жаңалығы