Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтеді

2 Қазан 2019, 21:25
1846
Бөлісу:
Алматыда жалпықалалық сейсможаттығу өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ертең сағат 12.55-те жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

"Бірінші кезең – электросирендерді қосу арқылы халық "Барлығыңыздың назарларыңызға!" бірыңғай дабыл бойынша хабардар етіледі және телеарналар мен радиохабарлар автоматты түрде өшіріледі. Дәрмен мобильді қосымшасын жүктеген смартфон қолданушыларға сөздік хабарлама жіберіледі. Айта кетерлігі, Алматыға жақын орналасқан сейсмоқұрылғылар арқылы бірегей функционал автоматты режимде жердің сілкінуі туралы push-ескерту жібереді", - делінген таратылған ақпаратта.

Екінші кезең - практикалық оқу Алатау ауданындағы № 180 орта мектептің аумағында өтеді. Мұнда құтқарушылардың іс-қимылы көрсетіледі, үйрету тренингтері өтеді, "Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет" видеосы ұсынылады.

Сонымен қатар, оқу-жаттығуға қатысушыларға буклеттер, плакаттар және қала әкімдігі мен ТЖ Департаменті бірігіп жасаған "Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам" тақырыбындағы көрнекі құралдар таратылады. Сауда орындарында "Қазақстанның қызыл жарты айы" қоғамдық бірлестігі мен Еріктілер лигасы "Жер сілікінісі кезіндегі халықтың іс-қимылы" тақырыбында флешмобтар өткізеді.

"Мектептерде, ауруханалар мен емханаларда шартты түрде зардап шеккендерді қабылдайтын пункттер ашылады. Жалпықалалық сейсможаттығу жыл сайын халықты жер сілкінген кезде жасайтын іс-қимылдарға дайындау мақсатында өтеді. ҚР БҒМ-нің сейсмология Институтының ұзақ мерзімді болжауы бойынша қала аумағында 7 және одан жоғары баллдағы интенсивті жер сілкінісі болмайды", - делінген таратылған ақпаратта.

Осыған орай, қаланың ТЖД Алматы тұрғындары мен қонақтарынан шараға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды сұрайды және сейсможаттығу өткізуге белсенді түде қатысуға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы