Еліміздің шығысында -12°С-қа дейін суық болады

2 Қазан 2019, 16:05
1813
Бөлісу:
Еліміздің шығысында -12°С-қа дейін суық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Суық және ауқымды антициклонның орталығы Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысты, ал оның сілемдері алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысындағы ауа райының қандай болатынын анықтайтын болады.

«Сондықтан Қазақстан аумағының басым бөлігінде ала бұлтты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін. Ал Қазақстанның орталық және шығыс облыстарында түнгі температура минус 1…7°С сақталады, кей жерде 12°С-қа дейін аяз болады», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Күндіз ауа температурасы жоғарылайды, дегенмен климаттық нормадан төмен температура сақталады. Батыс аудандарды қоспағанда, ауа температурасы көпжылдық орташа мәннен 3…5°С жоғары болады.

Сонымен қатар синоптиктердің хабарлауынша, 3 қазанда Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қостанай қаласында күндіз 3 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы ­­- 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы