Елордада емле ережелерін оқыту сыныптары ашылды

2 Қазан 2019, 11:40
1970
Бөлісу:
Елордада емле ережелерін оқыту сыныптары ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астанада латын әліпбиінің емле ережесін үйретуге арналған оқыту сыныптары ашылды.

Бұл орталықтағы оқыту сыныптары курс өткізуге қажетті құралдармен, техникалармен жабдықталған. Дәрісханаларда республика бойынша, сонымен қатар шетелдегі ғалымдар, әдіскерлермен байланыс орнатуға, онлайн семинар өткізуге мүмкіндік бар. Семинар, курстарды жаңа қазақ әліпбиінің емле ережесін әзірлеген ғалымдар өткізеді.

«Ала жаздай шынында оқытатын жерді таба алмай, қонақ үйдің астындағы залдарды жалдап, сөйтіп жүруші едік. 2025 жылы барлығымыз латын әліпбиіне көшуіміз керек, соған дейін үлкен белсенді жұмыс атқармасақ болмай жатыр. Бүгінгі онлайн залдар, орталық ашылып жатқан осыған бағытталған. Насихат Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында бағытталған», - дейді «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әлібек Асқар.

Айта кетейік, Үкіметтің өкімен өкімімен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі ісшаралар жоспары» бекітілген болатын. Үкімет қаулысымен «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» құрылды.

Биыл аталған орталықта «Әдістеме жылы». Жаңа емле ережелерін оқыту бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 72 сағаттық біліктілік арттыру курстары, өңірлерде дәрістер мен 12 сағаттық семинарлар ұйымдастырылуда. «Тіл-Қазына» орталығынан білім жетілдірген филолог мамандар өз өңірінде тіл үйрету курстарын жалғастырады. Аталған курс 2025 жылға дейін жүргізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы