Бүгін, 22 қарашада Астана қаласы мен Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.
Елордада түнде және таңертең тұман түседі.
Бірқатар өңірде тұман, көктайғақ және жауын-шашын күтіледі. Атап айтқанда, Ақмола, Абай, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар жауып, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі.
Сонымен қатар Атырау, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі.
Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға, ауа райының қолайсыздығын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.