Семейде көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші жүк көлігін жалған нөмірмен басқарған

Жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырғаны және жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 22 Қараша 2026, 07:49
22 Қараша 2026, 07:49
116
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

21 қараша күні сағат 04:00 шамасында Семей қаласындағы Мичурин көшесінде полиция қызметкерлері Shacman маркалы жартылай тіркемесі бар жүк көлігін тоқтатты.

Тексеру барысында 33 жастағы жүргізушінің өткен жылы жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар жүк көлігі мен тіркемесіне шетелдік тіркеу белгілері бар жалған мемлекеттік нөмірлер тағылғаны белгілі болды.

Жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырғаны және жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Абай облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертіп, рейдтік шаралар барысында көліктердің тіркеу деректері мен жүргізушілердің көлік басқару құқығы тексерілетінін хабарлады.

Наверх