Индонезияның Бантен провинциясында кондитерлік фабрикадан шыққан ірі өрттен кейін 36 қызметкер хабар-ошарсыз кеткен. Үш адам қаза тауып, тағы 16 жұмысшы құтқарылды.
Basarnas мәліметінше, өрт 21 қараша күні кешке Чиканде өндірістік аймағында болған. Жалынды толық сөндіру жұмыстары келесі күні таңертең ғана аяқталған.
Оқиға кезінде кәсіпорында 59 қызметкер болған. Олардың 16-сы құтқарылып, үшеуі қаза тапқан. Ал қалған 36 адамның тағдыры әзірге белгісіз.
Өрт сөндірілгеннен кейін құтқарушылар ғимарат ішіндегі үйінділерді аршу жұмыстарына кіріскен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр.
Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, оқиғаға дейін фабрикада электр жарығы бірнеше рет өшіп қалған.
Хабар-ошарсыз кеткен жұмысшылардың туыстары кәсіпорын аумағына жиналып, жақындарының тағдыры туралы ақпарат күтіп оты