Ресейлік Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушы Татьяна Ким компанияның бас директоры қызметінен кетті. Оның орнына Алексей Куликов тағайындалды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Компанияның құрылтайшылар құрамында да өзгерістер болған. Бұған дейін Wildberries пен Russ компанияларының ортақ иелері болған екі жабық пай қорының орнына «Томь» және «Гало» қорлары тіркелген. Олар тиісінше 17,5% және 12,5% үлеске ие болды.
Осы өзгерістерден кейін Wildberries компаниясының үлесі 65%-дан 45%-ға, ал Stinn компаниясының үлесі 35%-дан 25%-ға дейін қысқарды.
Компанияның баспасөз қызметі құрылтайшылар құрамының өзгеруі мен жауапкершілікті бөлудің жаңа тұжырымдамасы әзірленгенін хабарлады.
Айта кетейік, 16 қарашада Еуропалық одақ Татьяна Кимге қатысты санкциялар енгізген болатын. Алайда RWB компаниясы бұл шектеулер Wildberries пен Russ қызметіне және олардың экожүйесіне кіретін кәсіпорындардың жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді.