Астанада BMW жүргізушісі түн ішінде дрифт жасап, жол ережесін бұзды

22 жастағы жүргізуші көлік басқару құқығынсыз дрифт жасап, қарсы жолаққа шыққан және жол жабынын бүлдірген. Автокөлік иесі де жауапқа тартылды.

 ©ЖИ/BAQ.KZ 22 Қараша 2026, 19:51
22 Қараша 2026, 19:51
167
Фото: ©ЖИ/BAQ.KZ

Астанада 22 жастағы BMW жүргізушісі түнгі уақытта Жұмабаев көшесінде дрифт жасағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады.

BMW көлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші түнде Жұмабаев көшесінде жолдың жүріс бөлігінде дрифт жасап, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан. Қауіпті маневрлер салдарынан жол жабынын бүлдірген. Сонымен қатар ол көлік құралын басқару құқығынсыз рөлге отырған. Жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзғаны, қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны, жол жабынын бүлдіргені және көлікті басқару құқығынсыз жүргізгені үшін бірнеше дерек бойынша жауапқа тартылды, – деп мәлімдеді Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, көлікті басқару құқығы жоқ адамға рөлді бергені үшін автомобиль иесі де жауапкершілікке тартылды.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Наверх