Ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар үш автожол учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, қозғалысқа шектеу 22 қараша күні сағат 12:00-де республикалық маңызы бар мына автожол учаскелерінде енгізілген:
- «Қостанай – Мамлютка» автожолының 226-406-шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Мамлюткаға дейін);
- «Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы» автожолының 11-73-шақырымы (Петропавлдан Ресей шекарасына дейін);
- «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 491-521-шақырымы (Петропавлдан Мамлюткаға дейін).
Шектеу көліктің барлық түріне қатысты.
Республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.