Все новости за 26 қаңтар 2026
-
-
"Қар, тұман, аяз". Ертең бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
12 облыста 27 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Қазақстанда суррогат аналардың шетел азаматтарына бала туып беруіне тыйым салынады
Қазақстанда суррогат аналарға тек ел азаматтарының тапсырыс беруіне рұқсат ететін өзгертулерді "Неке және отбасы туралы" кодекске енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан әуе компанияларына Иран үстінен ұшуға тыйым салынды
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) отандық әуе компанияларға Иранның үстінен ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде 28 қаңтарда теледидар мен радио уақытша өшеді
Қазақстанда 28 қаңтар күні жоспарлы профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында теледидар мен радио уақытша өшіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қолайсыз ауа райы: Қызылорда облысында жол жабылды
ҚазАвтоЖол Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
540-тан астам препарат тәркіленді: Көкшетауда күшті әсер ететін дәрі сатқандар ұсталды
Көкшетауда күшті әсер ететін дәрілік препараттардың заңсыз айналымына қатысы бар күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
20 жылдан бері бөтен адамдар тұрған: Ақтөбеде 4 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ақтөбеде әскери прокурорлар 20 жылдан астам уақыт бойы бөтен адамдар заңсыз пайдаланған төрт пәтерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда автобус жүргізушісі рөлде отырып қайтыс болды
Алматыда №92 автобусының жүргізушісі рейс кезінде қайтыс болды. Бұл туралы «Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰБТ-да ереже бұзған 65 түлектің нәтижесі жойылды
2026 жылғы қаңтарда 90 мыңға жуық адам ҰБТ-дан өтті. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 71 адам ағылшын тілінде тапсырды. Ал ереже бұзған 65 түлектің нәтижесі жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Реестрге тіркелу отандық кәсіпорындарға не береді?
2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда отандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылды. Бұл жүйе кәсіпорындардың сенімділігін ресми түрде растайды, өндірісті локализациялауды ынталандырады және мемлекеттік қолдауға қатысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Конституциялық реформа аясында бейбіт жиналыстарға құқықтық кепілдіктер бұрынғы көлемде сақталады – депутат
Конституциялық реформа аясында сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға құқықтық кепілдіктер бұрынғы көлемде сақталады. Бұл туралы депутат Никита Шаталов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде iPhone ұрлаумен айналысқан бойжеткендер ұсталды
Ақтөбе қаласында белгісіз тұлғалар сауда үйлерінің біріндегі бутикте болып, еркін қол жеткізу арқылы сауда сөресінен «iPhone» маркілі бірнеше ұялы телефонды жасырын түрде ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Рамазан айында мұқтаждарға қандай көмек көрсетіледі? – ҚМДБ жауап берді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарып, қандай жағдайда азаматтарға қолдау көрсетілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өлім жазасынан бас тарту Конституцияда қайтымсыз қағида ретінде бекітілуге тиіс
Қазақстанда өлім жазасынан бас тарту Конституция деңгейінде шартсыз әрі қайтымсыз қағида ретінде бекітілуі қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үнзила Шапақ: Конституция қоғамды біріктіретін құндылықтарға сүйенуі керек
Парламент Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ Конституциялық реформа комиссиясының үшінші отырысында Конституцияның преамбуласы мен 33-бабына енгізілген өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Күдіктінің құқықтарын қорғауға арналған заңнама енгізу ұсынылды
Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев қылмыстық процесте күдіктінің құқықтарын қорғауды күшейтіп, заңнамаға «Миранда қағидасын» енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Үндістан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Депутат: Құрылтайға көшу заң қабылдау процесін жеңілдетеді
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров бір палаталы Парламентке көшу реформасының артықшылықтарына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шенеуніктердің экологиялық жауапкершілігін күшейту ұсынылды
Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев Конституцияға экология саласына қатысты бірқатар маңызды нормаларды енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі қалай өзгереді?
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттардың мұғалімдерді аттестациялау және жұмысқа қабылдау рәсімдеріне қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрылтайдағы 145 депутат көп пе, аз ба? – Мәжіліс депутаты түсіндірді
Қоғамда болашақ Парламенттегі депутаттар санына қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Алайда жұмыс тобы ұсынған 145 депутаттан тұратын құрам қазіргі саяси ахуалға да, қоғамның сұранысына да толық сәйкес келеді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
COVID емес: Нипах пандемиясы бастала ма?
Үндістанда Нипах вирусына байланысты ауру жағдайлары тіркелуіне орай Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал жіті бақылауға алынды. Инфекцияның ел аумағына әкелінуіне және таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Энергетика министрлігі: Теңіз кен орны жақын күндері іске қосылады
Атырау облысындағы кен орындарында өндірістік операцияларды қалпына келтіру бойынша айтарлықтай ілгеріледі. Белгілі болғандай, Теңіз кен орны жақын күндері іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
-
Мәжіліс депутаты: Бір палаталы Парламент – ел үшін қажетті әрі тиімді шешім
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жарты жыл бойы болашақ Парламенттің құрылымы мен құзыретіне қатысты нақты нормалар әзірленіп, ұсыныстар енгізілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
4,5 млрд шығын: OrdaMed ісі бойынша тың дерек шықты
Денсаулық сақтау министрлігі "OrdaMed" АҚ қызметінен анықталған заңбұзушылықтарға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде компанияның медициналық бұйымдарына қатысты 53 тіркеу куәлігінің барлығының қолданылуы толық тоқтатылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бабақұмаров өліміне қатысты іс жабық сот отырысында қаралып жатыр
Астанада Алматының экс-әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өліміне қатысты сот ісі бойынша алдын ала тыңдау жабық сот отырысында қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Интернет бұғатталды: Иран тәулігіне 20,6 млн доллар жоғалтып жатыр
Иранда наразылық акцияларынан кейін, 8 қаңтардан бері интернет байланысы шектелді. Кей деректерге сәйкес, бұл ел экономикасына тәулігіне шамамен 20 млн 600 мың доллар (2-3 млрд туман) көлемінде тікелей шығын келтіріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
-
Әр үйге 20 мың теңге: Рамазан айына орай халыққа төлем берілетіні рас па?
Әлеуметтік желілерде Рамазан айына орай әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық банк ескі 10 000 теңгелік банкноттар айналымнан қашан шығатынын мәлімдеді
Ұлттық банкте ескі 10 000 теңгелік банкноттардың жақын арада айналымнан шығатыны туралы қауесеттерге түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Несиелерді «есептен шығару» қызметін ұсынған алаяқтар әшкере болды
Астана қаласының соты тұтынушылық және автонесиелеу саласында алаяқтық жасаған ұйымдасқан топқа қатысты үкім шығарды. Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға, қалған қатысушылар 6–8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БҚО-да жантүршігерлік өрт: Үйден үш адамның мәйіті табылды
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, өртті сөндіру кезінде үш адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Толық болжам: Қазақстанда ақпан айында күн райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы ақпан айына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, ақпан айы қысқы сипатын сақтағанымен, айдың соңына қарай ел аумағында айтарлықтай жылыну байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мүгедектігі бар адамға қарайтындарға ай сайын "жалақы" төленеді
Қазақстанда өздігінен қозғалу мүмкіндігі шектеулі I топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекшілердің қызметі көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жалақы, табыс, инфляция: Халықтың әл-ауқатын қалай жақсартамыз?
Қазақстандағы экономикалық өсім халықтың қалтасында толық сезілмей тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның жоғары деңгейі азаматтардың табысы мен күнделікті шығындарын теңгеруге кедергі келтіріп жатқанын айтты. Депутаттар да әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және қаражатты тиімді пайдалану арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру керегін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлеуметтік маңызы бар 31 өнім: Олар қандай?
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Олар қандай азық-түлік өнімдері? BAQ.KZ тілшісі тізім жасады.
-
Жұмысқа орналасу жеңілдейді: 2ГИС жаңа функцияны іске қосты
2ГИС мобильді қосымшасында жұмыс іздеушілерге арналған жаңа мүмкіндік пайда болды. Енді қолданушылар карта арқылы геолокацияға байланған бос жұмыс орындарын көріп, өздеріне ыңғайлы ұсыныстарды оңай таңдай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Бас прокуратурада маңызды мәлімдеме жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Нағыз жымқыру": Президент цифрландырудағы бейберекетке қатаң баға берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізіп, құқық қорғау жүйесінде цифрландыру үдерісі біркелкі емес екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ержан Бабақұмаровтың өлімі: Алдын ала сот тыңдауының уақыты белгілі болды
Бүгін, 26 қаңтар күні, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталады. Бұл ақпарат «Сот кабинеті» жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Заң мен тәртіп қағидатын жаңа Конституциямызға енгізу қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жалғыз пингвин" феномені: Мотивация ма, әлде биологиялық ауытқу ма?
Соңғы күндері әлеуметтік желіде жалғыз пингвиннің тауға қарай бет алған видеосы кеңінен тарап, жаһандық интернет-трендке айналды. Бір қарағанда қарапайым кадр ретінде көрінетін видео желі қолданушылары арасында философиялық, психологиялық және саяси мағынамен қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шетелдік сарапшы Қазақстандағы саяси реформаларға баға берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында жариялаған бастамалар елдегі саяси реформалардың жалғасы болды. Атап айтқанда, Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейту, сондай-ақ мемлекеттік басқару моделін өзгерту туралы сөз қозғалды. Бұл шешімдер Қазақстан ішінде ғана емес, шетелде де қызығушылық тудырып отыр. BAQ.KZ тілшісі әзербайжандық саяси сарапшы Эльхан Шахиноглудан бұл өзгерістер Қазақстанға деген халықаралық көзқарасқа және елдің өңірлік саясаттағы ұстанымына қалай әсер ететінін сұрады.
-
Пайда қуғандар алтынға бет бұрды: Экономист себебін түсіндірді
2025 жылдың қорытындысында негізгі инвестициялық құралдардың ішінде ең жоғары табыстылықты алтын көрсеткен. Бұл туралы нарыққа салыстырмалы талдау жасап, экономист әрі "R-Finance" компаниясының қаржылық кеңесшісі Арман Байғанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда жоғалған отбасы: Полиция екі адамды әлі іздеп жатыр
Атырау облысында бұған дейін жоғалып кеткен бір отбасының екі баласын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үндістанда шыққан Нипах вирусы: Қазақстанға қауіп бар ма?
Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру деректері де, оны елге сырттан әкелу фактілері де анықталған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде полицейлердің екі көлігін өртеген зейнеткер ұсталды
Семейде учаскелік полиция пункті жанында екі автокөлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағандыда көлік аялдамаға соғылып, әйел адамды қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы таңертең Тәттімбет көшесінде орын алды. Полицияның мәліметінше, 42 жастағы ВАЗ-2111 көлігінің жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан шығып, KIA Sportage көлігіне жол бермеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде азық-түлік бағасы өзгерді
Сенбі күні Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының бір аптадағы жағдайы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райынан республикалық жолдарда қозғалыс қиындайды
"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкіметте Теңіз бен Қашағандағы ахуал талқыланды
Олжас Бектенов ExxonMobil вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құрылтай депутаттарына министрлерді қызметтен босату өкілеттігі берілуі мүмкін
Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа аясында Құрылтайға берілетін өкілеттіктер мен оның жұмыс тәртібіне қатысты ұсыныстарды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан биыл Жапонияға галлий экспортын бастайды
Жапонияның Mitsubishi Corp. сауда корпорациясы Қазақстаннан галлий импортын биыл бастауды жоспарлап отыр. Бұл келісімге тараптар 2025 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға сапары кезінде келген болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрылтай депутаты мандатынан қандай жағдайда айырылады
Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында қандай жағдайда Құрылтай депутаты мандатынан айырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Цифрлық қауіпсіздік: Елімізде жаңа ұлттық стандарттар бекітілді
Қазақстанда деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік үшін жаңа ұлттық стандарттар бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жемқорлар енді сайлауға қатыса алмайды
Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Ата заңға жемқорлардың сайлану құқығын шектейтін норма енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Заңсыз шлагбаум: Астанада мүлік иелері бірлестігі жазаланды
Астанада мүлік иелері бірлестігі (МИБ) заңсыз орнатылған шлагбаумды демонтаждау туралы нұсқаманы даулауға тырысты, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
-
Ұлттық қауіпсіздік комитеті OrdaMed басшылығын ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі фармацевтика саласындағы қылмыстық схемаларды ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жалған ақпарат па? Есімханов Сәпиевпен жанжалға қатысты мәлімдеме жасады
Джиу-джитсудан әлем чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Даурен Есімханов олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде жоғары лауазымдарға тағайындау тәртібі өзгереді
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Президенттің бірқатар жоғары лауазым иелерін тағайындау тәртібіне қатысты ұсыныстарды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алтын бағасы алғаш рет 5000 доллардан асты
Алтын бағасы дүйсенбі күні тарихта алғаш рет бір унциясы үшін 5000 доллар межеден асып, геосаяси және экономикалық белгісіздік жағдайында қорғаныш активтеріне сұраныстың артуы аясында қарқынды өсімін жалғастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
-
2025 жылы Қазақстанға Үндістаннан 250 мыңға жуық турист келді
Астанада Үндістан Республикасының 77-ші Ұлттық күні аталып өтті. Іс-шараны Қазақстандағы Үндістан елшілігі ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әділет министрі: Конституциялық өзгерістер мемлекеттің жұмысын жүйелейді
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бір палаталы парламент пен президенттік басқару нысаны жағдайында жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындау тәртібін өзгертуге қатысты ұсыныстарды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жапония Қытайға "дипломат" пандаларын қайтаратын болды
Жапонияда мыңдаған адам жексенбі күні зоопаркке жиналып, елдегі соңғы екі алып панда – Сяо Сяо мен Лэй Лэймен қоштасты. Олар сейсенбі күні Қытайға қайтарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
-
Депутат Ата заңның кіріспе бөлігін жаңғыртуды ұсынды
Конституциялық реформа аясында Ата Заңның преамбуласын жаңарту, оның мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай қайта қарау қажет. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда активтерді қайтару қызметі құрылды
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры 2026 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару қызметі туралы ережені бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зиянды саладағы жұмысшыларға арнайы төлем: Кімдер қанша алды?
2025 жылдың қорытындысы бойынша зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарға арналған арнайы әлеуметтік төлем (АӘТ) 6 289 қазақстандыққа тағайындалды. Жалпы төлем алу үшін 6 675 адам өтініш берген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемде: Украина бойынша келіссөз, Франциядағы әлеуметтік желіге тыйым
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Таза Қазақстан": ел бойынша 4 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны анықталды
Ішкі істер министрлігі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2024 жылғы 15 сәуірден бастап республика көлемінде тұрмыстық қатты және құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленбеген орындарға тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу мақсатында кең ауқымды акция өткізіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Микро және шағын бизнеске "таза парақ" қағидаты енгізіледі
Қазақстан Үкіметі экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді жеңілдету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан каратэшілері Ыстамбұлдағы Премьер-лиганы екі алтынмен аяқтады
Түркияның Ыстамбұл қаласында WKF каратэден Премьер-лига санатындағы 2026 жылғы алғашқы турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер бүгін, 26 қаңтарда еліміздің 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың қалыптасып, ауасы ластанатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлыбритания Солтүстік теңізде ірі жел энергетикасы жобасына қосылады
Ұлыбритания Норвегия, Германия, Нидерланды және тағы алты еуропалық елмен бірге Солтүстік теңізде жел электр станцияларының ауқымды жобасын іске асыруға қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты
Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық саны 9,7 миллионнан асты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямызға берген жауабында айтылған.
-
Конгода содырлар шабуылынан кемінде 25 адам қаза тапты
Конго Демократиялық Республикасының шығысында содырлардың шабуылы салдарынан кемінде 25 адам көз жұмды. AP агенттігінің хабарлауынша, оқиға Итури провинциясында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Саясат Нұрбек Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттермен кездесті
University College London университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
WSJ: Қытай генералы АҚШ-қа ядролық қару туралы мәлімет берді деп айыпталуда
ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің орынбасары, Қытай Коммунистік партиясының саяси бюросының мүшесі Чжан Юся АҚШ-қа Қытайдың ядролық қаруы туралы құпия ақпарат берген деп айыпталды. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылғы Қысқы Олимпиада Италияда жоспар бойынша өтеді – ХОК
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2026 жылғы Қысқы Олимпиада Италияда қардың жетіспеуінен бұзылуы мүмкін деген қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Матч ТВ-ге сілтеме жасап.
-
Франция 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салу ісін жеделдетпек
Франция президенті Эммануэль Макрон үкімет қыркүйекке дейін 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу заңын іске қосуды жеделдететінін мәлімдеді. Президент бұл шешімді балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қорғау мақсатында түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
-
Канада Қытаймен сауда жасаса, толық баж салығы енгізіледі – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Канада премьер-министрі Марк Карниге ескерту жасап, егер Канада Қытаймен сауда келісімін жалғастырса, АҚШ әкелінетін тауарларға 100% баж салығын енгізеді деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Елордада өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Елордада жеке тұрғын үйде өрт шықты, екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зеленский: қауіпсіздік кепілдігі туралы құжат толық дайын
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Украинаға арналған қауіпсіздік кепілдігі туралы құжаты 100% дайын екенін мәлімдеді. Қазіргі таңда Киев құжатқа қашан және қай жерде қол қойылатынын күтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Наверх