Все новости за 22 қаңтар 2026
-
-
Қар жауып, көктайғақ болады: 22 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
"Қазгидромет" 22 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
500-ден астам жалған құжат: Жаңаөзенде шетелдіктерді заңсыз кіргізгендер ұсталды
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында шетел азаматтарын Қазақстанға заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Күдіктілерді 19 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Бұл туралы BAQ.KZ полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев және жаңа жаһандық дипломатия: Қазақстанның “middle power” ретіндегі орны
Жаһандық геосаяси тұрақсыздық күшейген кезеңде Қазақстанның сыртқы саясаты жаңа мазмұнға ие болуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби дипломатиялық тәжірибесіне сүйенген прагматикалық бағыты елді халықаралық бастамалардың белсенді қатысушысына ғана емес, кей жағдайда олардың құрылтайшысына айналдырып отыр.
-
Александра Скороходова Италиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атандым, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі қазақ тілінде үндеу жасады
АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы Instagram парақшасында еліміздегі жаңа елші Джули Стаффттың қазақстандықтарға қазақ тілінде жолдаған бейнеүндеуін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар республикалық автожолда жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік кеңесші республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізді
Ерлан Қарин Астанадағы Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкімет саудадағы "сұр импортқа" тосқауыл қоймақ
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026-2028 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді іс-қимыл жоспарының жобасы қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Голливудта "Оскар" сыйлығының үміткерлері жарияланды
Голливудта 98-ші «Оскар» сыйлығына ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
3 млн теңге: Еліміздің үздік жобалары марапатталды
Астанада биылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Соғыстың аяқталғанын қалайды": Зеленский мен Трамп келіссөз жүргізді
Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Давоста келіссөздер жүргізді. Кездесу жабық есік жағдайында шамамен бір сағатқа созылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қант қызылшасынан инвестицияға дейін: Қаратал ауданы қалай дамып жатыр
Жетісудың жетекші Панфилов, Қаратал аудандарының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары. Инвестиция, өндіріс, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым саласында үздіктер қатарында. Бірі жүгеріге қамбаны толтырса, бірі қант қызылшасына зәру зауыттардың сұранысын орындап отыр. Екі өңірдің тыныс-тіршілігі қашанда назардан тыс қалған емес, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана оқушылары қайтадан қашықтан оқиды
2026 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Давоста бірқатар кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аңшылар мен балықшыларға заң талаптары түсіндірілді
Ақмола облысының прокуратурасымен балықшылар мен аңшылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ-ның Жаһандық шарт желісі Орталық Азияда кеңейіп жатыр
21 қаңтарда БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шарт желісінің Директорлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырыс Алматы қаласында өтіп, оған өткен жылдың тамыз айында осы лауазымға сайланған Директорлар кеңесінің төрағасы Үміт Шаяхметова төрағалық етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заңсыз активтер есебінен Ақтөбе облысында жаңа медпункт ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдарымен заңсыз иемделінген активтерді қайтару есебінен елімізде көптеген әлеуметтік нысандар салынып, пайдалануға беріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Үнсіз қылмыс" феномені: Нұрайдың өлімі жүйені өзгерте ала ма?
Қазақстанда сталкинг қылмыс деп танылғанына жарты жылға жуық уақыт өтті. Алайда Шымкентте 21 жастағы Нұрайдың қаза табуы бұл норманың іс жүзінде толық жұмыс істемей тұрғанын көрсетті. Бір қыздың өлімі қоғамды дүр сілкіндіріп қана қоймай, құқық қорғау жүйесіндегі немқұрайлық пен жауапкершіліктің жоқтығын да ашып берді. Сталкинг деген не, заң не дейді, Нұрай ісі нені көрсетті және мұндай қасіреттерді қалай тоқтатуға болады? BAQ.KZ тілшісі мамандармен бірге осы сұрақтарды талдап көрді.
-
Тоқаев пен Трамп не жайында сөйлескені белгілі болды
Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады. Бұл сұрақтарға ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бизнес-орталық, пәтер, көлік алған: Қазақстандық кенді заңсыз өндіріп, Қытайға сатқан
Шығыс Қазақстан облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіріп, 70 мың тонна өнім өткізген кәсіпкерлік схема әшкереленді. Қылмыстық табыс 1 млрд теңгеден асып, мүлікке сот арқылы тыйым салынды. Қаржы мониторингі агенттігінің аталған заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп құрған "Бейбітшілік кеңесі" Қазақстанға не береді?
АҚШ президенті Дональд Трамп Давоста өтіп жатқан Бүкіләлемдік экономикалық форумда «Бейбітшілік кеңесінің» құрылтай құжатына қол қойды. Әзірге Трамптың бұл бастамасына 35 мемлекет қосылуға келісім білдірген. Бастапқыда бұл орган Газа секторында бейбітшіліктің сақталуын бақылау үшін ойластырылғанымен, кейіннен Біріккен Ұлттар Ұйымына бәсекелес құрылымға айналуы мүмкін деген пікір айтылуда. Жобаның негізгі тұстары туралы толығырақ BAQ.KZ материалында.
-
Ирандағы наразылық: Қаза тапқандар саны 5 мыңға жуықтады
Иранда экономикалық қиындықтарға байланысты басталған наразылықтар салдарынан қаза тапқандар саны 4 902 адамға жетті. Белгілі болғандай, олардың 197-сі – қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұрғын үй жинақтары: Енді жүйеге екінші деңгейлі банктер де қатыса алады
Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне тек «Отбасы банкі» ғана емес, екінші деңгейлі өзге банктердің де қатысуына мүмкіндік берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаппай уланған: Жамбыл облысында 22 жас спортшы ауруханаға жеткізілді
Қызылорда облысынан барған 22 жасөспірім Жамбыл облысы Меркі ауданында ауруханаға жатқызылды. 12-17 жас аралығындағы балалар күрес түрлерінен өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Дәрігерлердің мәліметінше, барлық жасөспірімге «этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит» деген алдын ала диагноз қойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
260 мың теңге: Студенттердің стипендиясы өсті
Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасованың айтуынша, 2020 жылдан бері елімізде студенттердің шәкіртақысы жыл сайын кезең-кезеңімен өсіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жеңілдетілген несие фермерлерге жетпей жатыр: Сенатор Үкіметке сауал жолдады
Сенатор Бекболат Орынбеков ауыл шаруашылығы саласында жеңілдетілген несие беру тетігінің іс жүзінде тиімді жұмыс істемей отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда шетелдік студенттер саны 2029 жылға қарай 100 мыңға жетуі мүмкін
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстандағы шетелдік студенттер саны мен оларды тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанның 95 университетінде ЖИ пәндері оқытылады
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда жасанды интеллект бағытындағы білім беру жүйесінің даму барысы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат шекара белдеуін қайта қарауға шақырды
Сенатор Амангелді Нұғманов шекара белдеуінің құқықтық мәртебесі мен оның нақты жағдайына байланысты түйткілдерді қозғап, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп ұсынған құжат: Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Гренландия АҚШ құрамына қосыла ма: Трамп әр тұрғынға 1 млн доллар уәде етті
НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен өткен келіссөздерден кейін Дональд Трамп Арктикадағы бұл аралды бақылауға алу жөнінде «болашақ келісімнің негізі» келісілгенін айтты. Оның сөзінше, Гренландия АҚШ қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие, деп хабарлайды BAQ.KZ Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
-
Сенатор: Қайтарылған жерлер мәселені шешпей отыр
Сенат отырысында депутат Сәкен Арубаев еліміздің бірқатар аймағында жайылымдық жер жетіспеушілігі әлі де шешімін таппай отырғанын айтып, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ІІМ Астанада полиция қызметкеріне оқ ату оқиғасына қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенатта өткен брифингте Астана қаласында құқық қорғау органының қызметкеріне оқ атылған оқиғаға қатысты мәліметтерді баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәулен Әшімбаев сенаторлардың болашағы жайлы айтты
Сенаторлар Мемлекет басшысының елімізді дамытуға және Тәуелсіздігімізді нығайтуға арналған бастамаларын толық қолдай отырып, оларды ілгерулетуге өз үлесін қосады. Бұл туралы Сенат отырысында спикер Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Футболға "Бораттың" купальнигімен келген бельгиялық жанкүйерлер қамалды
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Бельгия азаматтары әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан әскері дрон операторларын даярлауға кірісті
Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамыту бағытында тұрақты ілгерілеу байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұнай алыбы ТШО-да өндіріс тоқтады
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың тапсырмасымен энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Теңіз кен орнына барып, жағдайды бақылауда ұстау және оператормен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылша қандай жолмен таралады? Дәрігерлер ескерту жасады
Қызылша вирусы ауа арқылы ғана емес, жөтелу, түшкіру және тіпті қалыпты сөйлесу арқылы да таралуы мүмкін. Бұл туралы Астана қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айгүл Шағалтаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәрігерлер ата-аналарға кеңес берді
Астанада қызылшаның таралуын тоқтатудың нақты мүмкіндігі бар, дейді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айгүл Шағалтаева, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада қызылша өршіп тұр: Балаларға қауіп бар
Астана қаласында қызылша ауруының таралуы әлі де тоқтаған жоқ. Бұл туралы қаладағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айгүл Шағалтаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенатор Ұлттық құрылтайдың негізгі мазмұнын талдады
20 қаңтарда Ұлттық құрылтай соңғы рет өтіп, жұмысын тоқтатты. Президент жанындағы Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары болған сенатор Бибігүл Жексенбай жиында айтылған негізгі ойларды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте болған қанды төбелес: Үш қылмыстық іс қозғалды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенатта өткен брифингте Шымкентте болған жол-көлік оқиғасының мән-жайы туралы айтты. Аталған оқиға жаппай төбелеске ұласып, адам өлімімен аяқталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда ер адамға бір уақытта екі шабуыл жасалып, аяусыз соққыға жығылған
Әлеуметтік желілерде Атырауда ер адамға жасалған қатал соққы бейнесі таралуда. Көрген куәгерлердің айтуынша, оқиға қаладағы бір барда түнгі уақытта болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат: Қазақстанда Конституцияның 40-тан астам бабы өзгеруі мүмкін
Қазақстанда Конституцияның 40-тан астам бабына өзгеріс енгізілуі мүмкін. Ауқымы жағынан бұл Негізгі заңның жаңа редакциясын қабылдаумен шамалас болуы ықтимал. Бұл туралы Сенат кулуарында депутат Есбай Амангелді мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды
Ерлан Жетібаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ІІМ: Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша іс ерекше бақылауға алынды
Шымкентте Нұрай Серікбай ісі бойынша қызды ұрлау және оны некеге мәжбүрлеуге қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында құқықтық баға тек аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне ғана емес, полиция департаментінің басшылығына да беріледі. Бұл туралы Сенат кулуарында Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан қандастардың зейнетақы құқығын қорғайды
Қазақстан Моңғолиядан келетін қандастарға әлеуметтік қолдау көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Франция көші-қон қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
Сенаторлар "Қазақстан Үкіметі мен Француз Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Сириядағы атыс қайта басталды, АҚШ пен Еуропа сауда шиеленісі, Украинаға көмек
Әлемде соңғы аптада бірнеше ірі оқиға болды: Сириядағы атыс қайта ушықты, АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия келісімін жариялап жоғары баж салығын алып тастады, Оңтүстік Кореяның бұрынғы премьері сотталды, Еуропарламент АҚШ-пен сауда келісімін тоқтатты, ал Нидерланды Украинаға қосымша көмек көрсетті. Біз әлемдік аренадағы басты оқиғаларды бір жерден ұсынамыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісуда интернет-алаяқтар ұрлаған қаражат иесіне қайтарылды
Талдықорған қаласының прокуратурасы интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматқа ақшалай қаражатын толық көлемде қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кореяда жұмыс істеп жүргендерге үндеу: Қазақстандықтар елден айыппұл төлемей кете алады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін айыппұл салынбай және қайта кіруге тыйым салынбай, елден ерікті түрде шыға алатынын еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда 292 мың адам АӘК алды: Қалай және кімге төленеді?
2025 жылы Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54,4 мың отбасындағы 292,7 мың адамға тағайындалды. Төленген қаражаттың жалпы көлемі 33,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа өкілді билік архитектурасы: Ұлттық құрылтай қандай өзгерістер ұсынды
Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қазақстанның саяси жүйесіндегі ауқымды институционалдық өзгерістермен ел тарихында қалуы мүмкін. Жиында Парламенттің құрылымы мен өкілеттіктерін жаңғырту, қоғамдық өкілділіктің жаңа тетіктерін енгізу және билік сабақтастығын күшейтуге бағытталған бірқатар маңызды ұсыныс айтылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Айгерім Абдрашитова айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде фармацевтика саласында отандық өндіріс үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаскелеңдегі мектепте оқушы қайтыс болды: Ресми дерек
Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №47 орта мектепте 9-сыныпта оқитын оқушы мектеп қабырғасында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Күйік пен көгерген іздер: Шымкентте балаларды анасының қолынан алып қойды
Шымкент қаласында әлеуметтік желілерде әртүрлі жастағы балалардың күйік шалғаны және көптеген дене жарақаттары бейнеленген видео тарағаннан кейін кәмелетке толмаған балалар отбасынан алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлытауда жас кәсіпкерлерді қолдауға 400 млн теңге грант бөлінеді
Ұлытау облысында 2026 жылы жас кәсіпкерлерді қолдауға 400 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант бөліну жоспарланып отыр. Қаржы жаңа бизнес ашуға немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпті кеңейтуге бағытталады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгін, 22 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірлерінде ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін мәлімдеі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанай облысында сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды
Қостанай облысында ауа температурасының –28…–30°C дейін төмендеуі және желдің күшеюіне байланысты 2026 жылғы 22 қаңтарда бірқатар елді мекендерде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сирияда бітім жарияланғаннан кейін қақтығыс қайта ушықты
Күрдтердің «Демократиялық Сирия күштері» (SDS) коалициясымен атысты тоқтату режимі енгізілгеннен кейін Сирияның солтүстік-шығысында елдің өтпелі үкіметі Қарулы күштерінің кемінде 11 әскері қаза тапты. Бұл туралы Араб Республикасының Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Болжам: 2026 жылы доллар қанша теңге болады?
Еуразиялық даму банкі 2026 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 5,5% деңгейінде қалыптасады деп болжайды. Сарапшылардың пікірінше, негізгі өсім шикізаттық емес сектордың әлеуетін толық іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп Гренландия келісімін жариялап, баж салығын алып тастады
АҚШ президенті Дональд Трамп және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Гренландия келісімінің негізгі шарттарына келісті. Осыған байланысты Трамп 1 ақпаннан бастап жоспарланған жоғары баж салығын енгізуден бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Қазақстанның ұлттық павильоны Bett UK 2026 көрмесінде таныстырылды
Лондонда өтіп жатқан Bett UK 2026 білім беру технологияларының халықаралық көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
-
Оңтүстік Кореяның бұрынғы премьер-министрі 23 жылға сотталды
Оңтүстік Корея соты бұрынғы премьер-министр Хан Дак Суны елде әскери жағдайды заңсыз енгізуге қатысқаны үшін 23 жылға бас бостандығынан айырды. Сот бұл әрекетті бүлікке тең деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ АР агенттігіне сілтеме жасап.
-
Нидерланды жыл басынан бері Украинаға 133 млн еуро көмек көрсетті
Нидерланды 2026 жылы Украинаға көрсетілетін әскери және энергетикалық көмектің жалпы көлемін 133 миллион еуроға жеткізді. Бұл туралы NL Times порталы халықаралық даму, сыртқы сауда және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі статс-хатшы Аукье де Вриске сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Израильдің Газа секторына жасаған соққысынан үш журналист қаза тапты
Газа секторының орталық бөлігінде Израильдің соққысы салдарынан үш палестиналық журналист қаза тапты. Бұл туралы Газадағы азаматтық қорғаныс қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Трамп: Иран ядролық бағдарламасын жалғастырса, АҚШ күш қолдануға дайын
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ядролық бағдарламасын тоқтатпаса, Вашингтон әскери күш қолдануы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Еуропарламент АҚШ-пен сауда келісімін тоқтатты
Еуропарламент АҚШ-пен шілде айында жасалған сауда келісімін Трамптың Гренландияны сатып алу талабының салдарынан мақұлдауды тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Трамп Давоста Гренландияны күшпен басып алмайтынын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік экономикалық форумда Гренландияны күшпен басып алмайтынын мәлімдеді, бірақ аралға қатысты талаптарын қорғауды жалғастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Наверх