Все новости за 18 қаңтар 2026
-
-
"200 шаршы метр": Астанада тұрғын үй өртенді
Астанада Сарыарқа ауданы, Земляничная көшесінде саяжайда тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі тұрғын үйге соғылып, екі адам көз жұмды
18 қаңтарда Жаңаөзен қаласы, Манат көшесінде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соғысып, жол-көлік апаты болған. Салдарынан өрт сөндіру көлігі жеке тұрғын үйге соғылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар, аяз, көктайғақ: дүйсенбіде бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 19 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЕО мен Оңтүстік Америка елдері әлемдегі ең ірі сауда аймақтарының бірін құрды
Еуроодақ пен Меркосур блогына кіретін Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Аргентина, Уругвай және Парагвай – ЕО тарихындағы ең ірі сауда келісіміне қол қойды. Бұл туралы BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.
-
Боран мен қатты аяз: 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" 2026 жылғы 19 қаңтарға ел ы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иранда наразылық акциялары салдарынан 3500-ге жуық адам қаза тапты
Экономикалық қиындықтарға байланысты басталған наразылықтар кезінде көз жұмғандар саны 3 308 адамға дейін артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өскеменде 1971 жылы салынған емханаға алғаш рет жөндеу жүргізілді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі №1 емханаға барып, күрделі жөндеу жұмыстарының қорытындысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайдың солтүстігінде болат зауытында жарылыс болды
Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында орналасқан Баотоу қаласында болат табақ прокаттайтын зауытта жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстандық теннисші Австралиядағы турнирде топ жарды
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Австралияда өтіп жатқан беделді ITF J300 Траралгон юниорлық турнирінде тарихи нәтижеге қол жеткізіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
-
Индонезияда ұшақ апатқа ұшырады
Индонезияның Indonesia Air Transport әуе компаниясына тиесілі шағын ұшақ радардан жоғалып кеткен. Ява аралындағы Джокьякарта қаласынан Оңтүстік Сулавеси провинциясының орталығы Макассарға бет алған ATR 42-500 ұшағы апатқа ұшыраған, деп хабарлайды BAQ.KZ Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
-
Пәкістанда сауда орталығындағы өрттен алты адам қаза тапты
Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында орналасқан Gul Plaza сауда орталығында болған ірі өрт салдарынан алты адам көз жұмды, тағы кемінде 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тіліксіз хирургия: Дәрігер адам өмірін сақтайтын заманауи технологияның сыры туралы айтты
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Александр Землянский ірі тіліктерсіз, науқас үшін ең төменгі қауіп-қатермен күрделі операциялар жасауға мүмкіндік беретін рентгенэндоваскулярлық хирургияның озық әдістерін меңгерген. Дәрігер BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында ең ауыр әрі стандарттан тыс жағдайларда да ем іздеген адамдар сенім артатын заманауи технологиялар және медицинаның күн сайын шынайы ғажайыптар сыйлайтын әлемі туралы сөз қозғады.
-
Еуроодақ көшбасшылары АҚШ тарифтеріне қатысты пікір білдірді
Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта Гренландия төңірегіндегі жағдайға байланысты бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жыл басынан бері 6,8 мыңнан астам жасқа психологиялық қолдау көрсетілді
2025 жылдың басынан бері Алматыда 6,8 мыңнан астам жас психологиялық көмек пен кеңес алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ыстанбұлда микроавтобус аударылып, 11 адам зардап шекті
Ыстанбұлда микроавтобустың аударылуы салдарынан 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті Haber Global телеарнасына сілтеме жасап.
-
Астанада оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібі ЖИ арқылы бақыланады
Астанадағы №107 мектеп – жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданып жатқан білім ордаларының бірі. Мұнда бейнебақылау камераларына ЖИ жүйесі орнатылған. Жүйе балалардың қауіпсіздігі мен тәртібін жіті назарда ұстайды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
"Жасанды интеллект туралы" жаңа заң күшіне енді
Қазақстанда "Жасанды интеллект туралы" жаңа заң күшіне енді. Заңға қол қойылған сәттен бастап 60 күн өтті және белгіленген рәсімдерге сәйкес, бүгіннен бастап құжат толық көлемде қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Колумбияда қарулы топтар арасындағы қақтығыста 30 адам қаза тапты
Колумбияның шығысында екі қарулы топ арасындағы қақтығыстар салдарынан, алдын ала мәлімет бойынша, 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік тұрақтылық, экономикалық өсім: 2026 жылғы бюджет қай бағытты таңдады
2026 жылы республикалық бюджет шығыстары 27,7 трлн теңгені құрайтыны белгілі болды. Соның 38,6 пайызы, яғни 10,7 трлн теңге толықтай әлеуметтік бағытқа жұмсалмақ. Бұл – бюджеттің ең ірі әрі ең сезімтал бөлігі. Әлеуметтік шығындардың көлемі жыл санап ұлғайып келе жатқан тұста, мемлекет алдында бір мезетте екі міндет тұр: халықтың әлеуметтік тұрақтылығын сақтау және экономиканың ұзақмерзімді дамуына мүмкіндік беру. Тақырыпты BAQ.KZ тілшісі зерделеп көрді
-
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды
Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Путинцева Australian Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирін сәтті бастап, алғашқы айналымдағы тартысты матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Теңізде ГТЭС-4 нысанында трансформатор өртенді
Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы ГТЭС-4 нысанында GT-9.3 турбинасының трансформаторы тұтанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде 26 жылы аялдаманың құрылысы аяқталды
2025 жылы Ақтөбе қаласында жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 26 жылы аялдаманың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Копенгагенде Гренландияны қолдауға арналған жаппай наразылық акциясы өтті
Дания астанасы Копенгагенде Гренландияны қолдауға және АҚШ президенті Дональд Трамптың аралды бақылауға алу ниеті туралы мәлімдемелеріне қарсы жаппай наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Африканың оңтүстігінде су тасқынынан 100-ден астам адам қаза тапты
Ұзаққа созылған нөсер жаңбыр салдарынан болған жойқын су тасқындары нәтижесінде Оңтүстік Африка Республикасы, Мозамбик және Зимбабве аумақтарында 100-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ шетелдік ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
-
Қазақстанда түркі тілдерін тануға арналған ең ірі ЖИ моделі әзірленді
Қазақстандық Cybernet AI стартапы түркі тілдерін автоматты түрде тануға арналған (ASR) ең ірі модельді ұсынды. Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы ауқымды жоба және түркі тілдер тобының ерекшеліктерін ескере отырып, әуелден ағылшынтілді шешімдерге бейімделмей әзірленген толыққанды жасанды интеллект моделі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Еуропаға сауда тарифтерімен қоқан-лоқы көрсетті
АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия төңірегіндегі жағдай мен Арктика аймағындағы қауіпсіздік мәселелерін алға тартып, бірқатар еуропалық елдерге қатысты сауда тарифтерін енгізу ниеті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада демалыс күнгі жәрмеңке өтіп жатыр
Астанада 17-18 қаңтар күндері дәстүрлі демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Іс-шара отандық өндірушілерді қолдау және қала тұрғындарын қолжетімді бағада жаңа піскен өніммен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда алғашқы "Сириус" мектебі салынады
Алматыда "Сириус" білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар саммиті өтті. Саммит барысында "Сириус" мектебі мен білім беру орталығының іргетасы қаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада көшенің ортасында жүк көлігі өртенді
ТЖМ өрт сөндірушілері жанып жатқан автокөлікті жедел түрде сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап
-
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
Төтенше жағдайлар министрлігі "Крещение Господне" христиандық мерекесі қарсаңында азаматтарға дәстүрлі шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
18 қаңтарға арналған валюта бағамы
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль бойынша сатып алу және сату бағамдарының орташа өлшемді көрсеткіштері ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбыл облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталады
Биыл Жамбыл облысында қуаттылығы 1 гигаватт болатын ірі жел электр станциясының құрылысы басталады. Қазіргі таңда жоба қаржыландыру кезеңінде. Бұл туралы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға маманданған Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясы өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа ластанады
Бүгін, 18 қаңтарда Қазақстанның бірқатар қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда салмағы 5,8 келі болатын алып сәби дүниеге келді
Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5,8 келі, бойы 61 сантиметр болатын алып сәби өмірге келді. Дәрігерлер 36 жастағы әйелге жоспарлы түрде ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЖИ адам ұйықтап жатқанда 130-дан астам ауруды анықтай алады
Ұйқы зертханасында бір түнде жиналған деректер негізінде жасанды интеллект Паркинсон ауруынан бастап инфаркт пен сүт безі қатерлі ісігіне дейінгі 130-дан астам дерттің даму қаупін бағалай алады.
-
Каллас АҚШ-ты Украина мәселесінен Гренландияға ауытқымауға шақырды
Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас АҚШ-ты Гренландия төңірегіндегі даулы мәселелерге алаңдамай, Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған негізгі күш-жігерден ауытқымауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда травматология мен ортопедияға MISSO роботтық жүйесі енгізілді
Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында ортопедиялық операцияларды жоспарлау және жүргізуге арналған MISSO роботтандырылған хирургиялық жүйесі енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Илон Маск OpenAI мен Microsoft корпорациясынан 134 млрд доллар талап етуде
Америкалық кәсіпкер Илон Маск OpenAI және Microsoft компанияларынан алаяқтыққа байланысты 79-134 миллиард долларға дейін өтем өндіріп алуды талап етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
-
Дания халқы АҚШ-тың Гренландияға қатысты жоспарына қарсы митингке шықты
Данияда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны аннексиялау туралы мәлімдемелеріне қарсы наразылық акциясына қатысты. Бұл туралы Daily Express жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ирандағы тәртіпсіздіктер: Хаменеи АҚШ пен Израильді айыптады
Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеи АҚШ президенті Дональд Трампты бірнеше апта бойы өткен демонстрациялардан 3 мыңнан астам адамның өліміне себепкер деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Макрон: Еуропа АҚШ-тың баж салығына жауап береді
Франция Президенті Эммануэль Макрон АҚШ 1 ақпанда енгізуді жоспарлаған Гренландияға қатысты импорттық баждарға еуропалық елдер бірауыздан және үйлестірілген түрде жауап беретініне уәде берді. Макрон тарифтерді қабылдауға болмайтын және бұл бағытта қысым ештеңені шешпейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Абай облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалды
Абай облысында қар құрсауында қалған жедел жәрдемге көмек көрсетілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Гренландияға қатысты Еуропаның 8 еліне қосымша баж салығын енгізбек
АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны сатып алу мәселесі шешілмейінше, Еуропаның сегіз еліне қарсы қосымша импорттық баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Наверх