Все новости за 15 қаңтар 2026
-
-
Шымкентте мектептерге шабуыл жасау туралы ақпарат жалған – полиция
Шымкентте мессенджерлер арқылы мектептерде шабуылдар жоспарланғаны туралы жалған ақпарат таратылуда, деп хабарлайды BAQ. KZ.
-
Маңғыстауда жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр
Маңғыстау облысында Баутино ауылының тұрғыны Владимир Шевченконы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Аяз, боран, көктайғақ: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 16 қаңтар күні Қазақстанның 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында ер адам азаматтық некедегі жұбайын өлтірді
Алматы облысы Талғар ауданының Рысқұлов ауылында 45 жастағы ер адам азаматтық некедеі жұбайын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды
Бүгін, 15 қаңтар сағат 20:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыстағы республикалық жолдарда қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аса ірі көлемдегі ұрлық: FlyArystan-ның бұрынғы қызметкерлеріне үкім шықты
Алматыда сот аса ірі көлемде компания қаражатын зағсыз иемденген FlyArystan әуекомпаниясының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Телефон арқылы ақша ұрлаған шетелдік алаяқтардың әрекеті тоқтатылды
Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Бірнеше жерден ішегі тесілген": Шымкентте сүйек жұтып қойған азаматқа ота жасалды
Шымкентте дәрігерлер ішегі бірнеше жерден тесілген азаматқа шұғыл түрде ота жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада Кореядан әкелінген қауіпті қызанақ тұқымы анықталды
Астана әуежайында карантиндік зиянкеспен залалданған өнімді әкелу фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Парламенттің өкілеттіктері талқыланды
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандық әзірлеушілер «ақылды» есептегіш құралдарының желісін кеңейтуде
Цифрландыру және ЖИ жылы: отандық әзірлеушілер «ақылды» есептегіш құралдарының желісін кеңейтіп, дрондар өндірісін бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Телефондағы имам: ҚМДБ «Imam AI» қосымшасын іске қосады
ҚМДБ «Imam AI» қосымшасын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Есептегіш құралдардың отандық өндірісін дамыту жобасы таныстырылды
«Алатау» инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында орналасқан NERO Group өндірістік алаңының базасында Премьер-министрге есептегіш құралдарының отандық өндірісін дамыту туралы баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана мектептері мен колледждері тағы да онлайнға көшті
Ертең де Астанада оқитын оқушылар онлайн оқуға ауысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы атом саласының ғылыми-техникалық базасы жаңғыруда
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының атом саласындағы ғылыми, қолданбалы және жоғары технологиялық бағыттарды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Негізгі міндет – зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыру және саланың ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайту.
-
Қызмет үстінде қаза: Ақтауда әскери қызметкерді КамАЗ қағып өлтірді
Ақтауда әскери полигоннан қайтып келе жатқан бөлімше құрамындағы келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметкерді қызметтік КамАЗ қағып өлтірді. Қайғылы оқиға 14 қаңтарда қолайсыз ауа райы жағдайында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бір құбырға байланған экономика: КТК неге Қазақстанның әлсіз тұсын ашты?
Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі экспортқа бір ғана бағытпен шығып отыр. Сол бағыт – Каспий құбыр консорциумы. Соңғы уақытта аталған құбыр маңында болған шабуылдар мен үзілістер Қазақстан экономикасының әлсіз тұсын айқын көрсетті. Бұл – тек техникалық тәуекел емес, стратегиялық мәселе, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қырғызстанда өтетін көшпенділер ойынына қазақтың көкпары енді
Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ресми бағдарламасына қазақтың көкпары енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мобильді аударымдар: Банктер салық органдарына қазақстандықтар туралы есеп бере бастайды
Сәуір айынан бастап екінші деңгейлі банктер мобильді аударымдар бойынша белгіленген критерийлерге сәйкес мәліметтерді салық органдарына ұсына бастайды. Жаңа тәртіпке сәйкес, үш ай қатарынан 100-ден астам жіберушіден 1 млн теңгеден көп қаржы түскен азаматтар салықтық бақылауға ілінуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұтынушылық несие азайды, 56 мың адамның қарызы кешірілді – Тоқаевқа есеп берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заңдар, реформалар мен шешімдер: Бурабайдағы құрылтайдан кейін қандай өзгерістер болды?
Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, Үкімет пен мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Құрылтайдан кейін бұл міндеттердің бір бөлігі бойынша нақты шешімдер қабылданып, іске асырыла бастады.
-
Дәмді әрі арзан: Демалыс күндері Астанада фермерлік жәрмеңке өтеді
17-18 қаңтар күндері Астана қаласында қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жергілікті фермерлердің ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек және өзге де өнімдері тұрғындарға тиімді бағамен ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыда -30 градус аязда оқушы су толы ашық құдыққа құлады
Қарағандыда қатты аязда оқушы су толы ашық құдыққа құлаған. Бұл туралы баланың әпкесі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық құрылтайдың әр отырысы нақты нәтиже беріп келеді – Бибігүл Жексенбай
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Ұлттық құрылтайдың жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Imam AI" жасанды интеллект негізінде істейтін мобильді қосымшасы іске қосылады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін "Imam AI" мобильді қосымшасын әзірлеп іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент: Этносаралық келісім мен бірлік мемлекеттік саясаттың басты бағыты
Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Астанада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтеді
2026 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің төрағалығымен Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының кезекті, бесінші отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
-30 градус аяз, тұман мен көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16, 17 және 18 қаңтарға арналған Астана мен Алматы қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Елордада -30 градусқа дейін аяз күтілсе, Алматыда қар, тұман және көктайғақ сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бас мүфти: ҚМДБ ислам қаржысы секторы ашылады
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Казино, есірткі, БАД-тар: Сенатор жарнамаға тыйым салуды ұсынды
Сенатор Геннадий Шиповских депутаттық сауалында әлеуметтік желілерде агрессивті сипаттағы жарнаманың жылдан жылға күшейіп бара жатқанын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда жүргізушілердің мас күйін тексеру ережесі өзгеруі мүмкін
Сенатор Жанна Асанова депутаттық сауалында алкогольге, есірткіге немесе уытқұмарлыққа байланысты мас күйде болған адамдарды медициналық куәландыру жүйесінде қордаланған мәселелерге назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодар облысындағы өрт: Төрт бала эвакуацияланып, екеуі қайтыс болды
Павлодар облысында жекеменшік тұрғын үйдегі өрт кезінде екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты.
-
2026 жылдан бастап салық қалай төленеді: Кімге не өзгерді?
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгенін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенатор: Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды
Сенатор Бибигүл Жексенбай депутаттық сауалында аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау мәселесінің қаншалықты өзекті екенін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әдемі нөмірге өтініш: eGov жүргізушілерге үндеу жасады
Қазақстанның электронды үкіметінің баспасөз қызметі онлайн түрде мемлекеттік нөмір сатып алу кезінде “өтпей қалған” өтінімдер мәселесін қалай шешуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушыларға құқықтық жауапкершілік қалай түсіндірілуде?
Қазақстанда 8 қаңтардан бастап «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтуде.
-
Алатау қаласын дамыту барысы таныстырылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласының базасында инвестицияларды, технологияларды және іскерлік белсенділікті тартудың жаңа полюсін қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сауда орталығында зейнеткерге "қызы" 5 млн теңгеге несие алғызбақ болды
Жетісу облысында полицейлер зейнеткер әйелді алаяқтардың құрбаны болудан сақтап қалды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ірі сауда орталықтарының бірінде күдікті жағдайды дер кезінде байқап, қылмыстың алдын алды, деп жазады BAQ.KZ.
-
Қазақстан көпполярлы әлемде сенім мен тұрақтылықтың еуразиялық тірегіне айналуда – сарапшылар пікірі
Бұл туралы ресейлік Выбор народа басылымында жарияланған сараптамалық материалдарда айтылды. Саяси процестерге баға берген сарапшылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы және ішкі саяси бағыты елдің суверенитетін нығайтуға және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Йохан Элиашты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Президент Йохан Элиашты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
-
Әкесін өлімші етіп ұрып-соққан ер адам сотта жылап, халықтан кешірім сұрады
Түркістан облысы, Жетісай аудандық сотында қарт әкесін жүйелі түрде соққыға жықты деп айыпталған ер адамға қатысты дау соңына таяп қалды. 15 қаңтарда айыпталушы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Халықты көбіне жалақы мен зейнет жасы алаңдатады – депутат
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жыл басында елордалықтармен кездескен. Ол халықты толғандыратын негізгі мәселелерді атады. Депутаттың айтуынша, қай саладағы кездесулер болмасын, жалақы, қымбатшылық, инфляция және салық мәселелері бірінші кезекте көтеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Елімізде 85 мыңнан аса адам шаңғы спортымен шұғылданады
Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
«Атыраулық хакерге» халықаралық іздеу жарияланды
Әлеуметтік желілерде «Атыраулық хакер» деп өзін таныстырған ер адам оқырмандарына оны халықаралық іздеуге бергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Иранда қанша қазақстандық студент бар?
Ғылым және жоғары білім министрлігінде Ирандағы қазақстандық студенттердің жағдайына қатысты пікір білдірді.
-
Сақтандыру қорынан 682 млн теңге ұрлаған: Күніне 150 адамға жалған диагноз қойған басшы ұсталды
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен екі жекеменшік клиниканың басшысына қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушылар үй тапсырмасын ChatGPT-мен істейді: Аймағамбетов жүйені өзгертуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру жүйесіне енгізу мәселесіне қатысты пікір білдіріп, басты қауіп технологияның өзінде емес, оны қолдану саясатының әлсіздігінде екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық дипломдар енді шетелде жарамды
Қазақстан дипломдарды халықаралық деңгейде тану аясын кеңейтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Зейнетақы жинағындағы ақшаны емделуге алуға қашан рұқсат беріледі?
Елімізде азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатын емделуге пайдалану мүмкіндігі алдағы алты айға уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырау әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті
Атырау әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті
-
Әлемде: Трамптың қатаң мәлімдемесі, Ирандағы шиеленіс және АҚШ-тың жаңа шектеулері
АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияға қатысты қатаң мәлімдемесі, Иран маңындағы әскери қауіп, Арменияның ЕАЭО мен ЕО арасындағы таңдауы, Иранда Starlink арқылы интернеттің іске қосылуы және АҚШ-тың 75 елге визалық шектеу енгізуі. BAQ.KZ тілшісі әлемдегі басты жаңалықтар дайджестін назарларыңызға ұсынады.
-
Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан рейстердің бағыттарын өзгертті
Air Astana әуе компаниясы Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты бірқатар тұрақты және чартерлік рейстердің бағыттары өзгертілгенін хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
-
Қарағандыда әр бала бақылауда: суицидтің алдын алу шаралары жаңартылды
Қарағанды облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары күшейтілді. Өңір прокуратурасының бастамасымен әзірленген арнайы алгоритм облыс әкімдігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сақылдаған сары аяз: 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында ауа температурасының төмендеуін болжайды. 15 қаңтарда солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30–40 градус аязға дейін төмендейді. Ал оңтүстікте қар түріндегі қалың жауын-шашын күтіледі.
-
Астана мектептері түстен кейін де онлайн оқиды
Бүгін елордада екінші маусымда оқитын оқушылар онлайн оқуға ауысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1,8 млн теңге: Жоғары жалақы беретін қызметтер белгілі болды
2025 жылғы желтоқсанда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) еңбек нарығындағы теңгерім айтарлықтай өзгерді. Ай қорытындысы бойынша жұмыс берушілер 109,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер небәрі 71,5 мың түйіндеме орналастырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
НАТО-ға мүше үш ел Гренландияға әскер жібереді
АҚШ-тың Арктикадағы аралға қатысты талаптары аясында Германия, Швеция және Норвегияның әскери қызметкерлері барлау миссиясы шеңберінде Гренландияға барады. Миссия 15–17 қаңтар аралығында өтеді. Оның мақсаты — өңірдегі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болатынын зерделеу. Бұл туралы, деп хабарлайды BAQ.KZ DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
-
Елімізде "Мұз" профилактикалық акциясы жалғасуда
Қазақстан өңірлерінде қысқы кезеңде су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған "Мұз" профилактикалық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Катардағы Әл-Удейд әскери базасынан адамдарды эвакуациялап жатыр
АҚШ Иран тарапынан болуы мүмкін әскери әрекеттерді ескере отырып, Катардағы Әл-Удейд әскери базасынан адамдарды эвакуациялауда. Бұл туралы BAQ.kz NBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-
"Орташа табыс қақпаны” деген не? Қазақстан оған ілікті ме? – мамандар пікірі
"Орташа табыс қақпаны” деген не? Қазақстан оған ілікті ме? – мамандар пікірі
-
Пашинян Арменияның ЕАЭО-дан шығып, ЕО-ға бет бұруы мүмкін екенін жоққа шығармады
Армения премьер-министрі Никол Пашинян егер Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүшелік елдің Еуропалық одаққа (ЕО) кіруге ұмтылысымен үйлеспейтін болса, Армения бұл ұйымнан шығу туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
Астанадан шығатын қоғамдық және дизель көліктеріне уақытша тыйым салынды
Қатты аязға байланысты Астанадан шауғын аудандарға шығатын қоғамдық және дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресейдегі зауытта екі қазақстандық қаза тапты
Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясына қарасты Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында болды. Бұл туралы BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
Маск Иранға интернетке қолжетімділік ашты
Илон Маск тағы да наразылық білдірушілерге технологиялық қолдау көрсетті. Иранда жаппай толқулар күшейіп, интернет толықтай өшірілген тұста америкалық миллиардер SpaceX компаниясы арқылы ел аумағында Starlink спутниктік интернетіне тегін қолжетімділікті іске қосты. Бұл туралы BAQ.KZ BILD басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
-
Астанада арнайы жасақ қызметкерін атып кетті
Астанада қарулы шабуылға байланысты қылмыс тіркелді. Қала полициясының мәліметінше, жас азамат құқық қорғау саласының қызметкеріне оқ атқан, күдікті көп ұзамай қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Александра Скороходова тау шаңғысы спортынан алтын медаль жеңіп алды
Тау шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі 31 атауға дейін кеңейді
Биыл 4 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының уақытша кеңейтілген тізбесі қолданысқа енгізілді. Бұған дейін 19 атаудан тұрған тізім қазіргі уақытта 31 тауар түрін қамтиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ 75 елдің азаматтарына виза беруді тоқтатты
Шектеулер енгізілген елдердің тізіміне Ресей, Сомали, Ауғанстан, Бразилия, Иран, Ирак, Мысыр, Тайланд, Йемен, Нигерия және басқалары да кіреді. Бұл реттегі шектеу иммиграциялық емес визаларға қолданылмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх