Все новости за 29 қаңтар 2026
-
-
Туризм министрлігі Шымбұлақтағы бағаның өсуіне қатысты түсініктеме берді
Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов Шымбұлақ тау шаңғысы курортындағы демалыс бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖМ тікұшағы ауыр жарақат алған науқасты шұғыл түрде эвакуациялады
Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, «Қазавиақұтқару» экипажы және медицина қызметкерлері бірлесіп ауыр жарақат алған науқасты санитарлық авиация арқылы облыс орталығына жеткізді. Эвакуация Ми-8 тікұшағымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Туристік салаға салынған инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеден асты
Қазақстанның туристік саласында жыл сайын орта есеппен 30%-ға жуық өсім байқалады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңаөзен маңында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы мерт болды
Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «Өзен» кен орны аумағында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап Lada.kz мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заң мен тәртіпті сақтаған елдер әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттер қатарында – Жеңіс Қасымбек
Конституцияға енетін жаңа өзгерістерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» сынды негізгі идеялық қағидаттарды нормативтік тұрғыда бекіту көзделген. Бұл туралы Конституциялық комиссия мүшесі, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан халқының 30%-ға жуығы құмар ойындарға қатысқан
Қазақстан халқының 29%-ында құмар ойындар мен лотереяларға қатысу тәжірибесі бар. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков ведомство алқасының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жақып Асанов: Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру
Конституцияға енгізілетін өзгерістер көптің көкейіндегі негізгі сұраққа айналып отыр. Сондықтан Конституциялық реформаның әр азаматқа не үшін қажет екеніне айрықша назар аударылады. Конституциялық комиссияның кезекті отырысында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«AMANAT» партиясында жаңа цифрлық комиссар институты құрылды
«AMANAT» партиясында цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері жөніндегі республикалық партиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы – Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басымдықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетті цифрлық тұрғыда жаңғырту және азаматтардың цифрлық сауатын арттыру бойынша нақты қадамдар жасау. Талқылау барысында IT-қоғамдастық партияластардың ел аумағындағы әр ауданда өз IT-хабын құру идеясына қолдау білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жүргізуші куәлігі – 500 мың теңге": Ақтөбеліктер алаяққа алданып қалды
Жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алуға тырысқан ақтөбеліктер алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тарихи қателікті түзеуге мүмкіндік бар: Депутат референдум атауын өзгертуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық комиссия отырысында республикалық референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Туризм саласында қонақүйлер мен демалыс орындарының табысы 268 млрд теңгені құрады
2025 жылы қонақүйлер мен демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру нысандарының жиынтық табысы 268 млрд теңгені құрады. Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.
-
Ақтау қаласында теңізден әйелдің денесі табылды
Ақтау қаласында теңізден әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ата Заңда Ұлттық құрылтай және Халық кеңесі атауларын аудармасыз қалдыру ұсынылды
Конституциялық комиссия отырысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының басшысы Анар Фазылжан Ата Заңның орыс тіліндегі мәтінінде Ұлттық құрылтай және Халық кеңесі атауларын қазақ тілінде қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әскердегі ашық есік күні: Ата-аналар ұлдарының қалай қызмет атқарып жатқанын көре алады
31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскер бөлімдерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары үшін «Ашық есік» күні өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тек түзету емес, жаңа мағына: Қарин Конституция туралы
Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституция мәтіні мен оның құрылымы айтарлықтай өзгергенін жеткізді. Дегенмен кеңесшінің айтуынша, жаңашылдық түзетулерде емес, жаңа мазмұнда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Нағыз тартыс кәсіби партиялар арасында болу керек – Мақсат Толықбай
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында 50-бапқа тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістанда заңсыз темекі цехтарының жолы кесілді
Түркістан облысында заңсыз темекі өнімдерін өндірушілердің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Футбол клубтарын коммерцияландыруға салынған инвестиция 55 млрд теңгеден асты
Қазақстандағы футбол клубтарын коммерцияландыруға салынған инвестициялар 55 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Адвокатура мәртебесіне қатысты нормалар нақтылауды қажет етеді – Заңгерлер одағының төрағасы
Кеше Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасы таныстырылды. Онда адвокатураның мәртебесі Конституцияда жеке бапта бекітілетіні айтылды. Бүгінгі отырыста Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы мен Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы осы нормаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық қор табысын арттыру үшін инвестициялау тәсілін өзгертпек
Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері мен мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен кездесуде Ұлттық қор қаражатын перспективалы жобаларға инвестициялау тәсілдері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат Ата заңға тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға жол бермейтін норма енгізуді ұсынды
Конституциялық комиссияда Мәжіліс депутаты, Республика партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров Ата заңда тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға жол берілмейтіні жөніндегі тікелей норма енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Неке ұғымын Конституцияда бекіту ұсынысын қолдаймын – Зәкиева
Конституциялық комиссияның отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалық шақты қорғау, отбасы институты мен тәрбие мәселелері бойынша пікір білдіріп, конституциялық нормалардың балалардың нақты өмірі үшін практикалық маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы маңында жолаушылар автобусы мен көлік соқтығысты: Бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды
Алматы облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сөмкенің бауына жасырған: Түрмеге есірткі өткізбек болған азамат ұсталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматқа келген сәлем-сауқатты тексеру барысында тыйым салынған зат тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Australian Open-2026: Елена Рыбакина финалға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open–2026 «Үлкен дулыға» турнирінің финалисі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Айдос Сарым: Пропорционалды жүйе азаматтардың құқықтарын шектемейді
Конституциялық комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Конституция жобасындағы Құрылтайдың мәртебесіне, Халық кеңесінің қызметіне және негізгі заңның преамбуласына қатысты басты ережелер бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қазақстанды әлемге танытатын шоу": Димаш Құдайберген жаңа жобасы туралы үндеу жасады
Әнші Димаш Құдайберген Қазақстан шоу-бизнесін халықаралық дәрежеге шығаратын кез келгенін айтып, тыңдармандарынан өзіне қолдау көрсетуді сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Адвокаттар алқасының төрағасы жаңа Конституция қабылдауды ұсынды
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Буллингтен кейін оқушы реанимацияға түсті: Қылмыстық іс қозғалды
Алматы қаласы әкімдігінде жекеменшік мектептердің бірінде болған буллинг оқиғасына қатысты ақпаратты растады. Аталған жағдайдан кейін оқушы қыз жансақтау бөліміне түскен. Осы дерек бойынша арнайы мониторингтік топ құрылып, тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Радиация бізді қоршап жүр: Қай деңгейі қауіпті, қайсысы қалыпты?
Радиация күнделікті өмірде адам баласын барлық жерде қоршап тұр. Алайда оның қай деңгейі қауіпсіз, ал қай кезде адам денсаулығына қауіп төндіреді? BAQ.KZ тілшісі радиациялық қауіпсіздікке қатысты ең жиі қойылатын сауалдарды Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің сарапшыларымен талқылады.
-
Мұрат Әбенов: Бір азаматтың сөз еркіндігі басқа адамның құқығын бұзбау керек
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ата Заңдағы сөз еркіндігі мәселесі комиссияда қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова азаматтардың дәрі-дәрмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада тұман мен аяз, Алматы +7 градусқа дейін жылынады: Үш күндік ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Астана мен Алматы қалаларында алдағы үш күнге – 30 және 31 қаңтар, 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жалақы, баспана, зейнетақы: Еңбек адамына қандай жағдай жасалған?
Соңғы жылдары Қазақстанда «еңбек адамының» мәртебесін көтеру, әлеуметтік қолдауды күшейту мәселесі жиі айтыла бастады. Мемлекет әлеуметтік әділеттілік пен халықтың тұрмыс сапасын арттыруды басты басымдықтардың бірі ретінде жариялап отыр. Бірақ қарапайым жұмыс істеп жүрген адам бүгінде нақты не алып жүр? Жалақыдан бөлек қандай кепілдіктер бар? BAQ.KZ тілшісі осы сұрақтардың жауабын іздеп көрді.
-
Нипах вирусы: ДДҰ қауіпті вирустан сақтану жолдарын айтты
Нипах вирусының өлім-жітім көрсеткіші қаңтар айында Үндістанда тіркелген жағдайларға байланысты - 40%-дан 75%-ға дейін бағаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
-
Елімізде балет пен цирк өкілдері қорғалмаған – депутат
Сенатор Бибігүл Жексенбай Сенат отырысында жолдаған депутаттық сауалында мәдениет пен өнер саласын дамытуға қатысты қордаланған жүйелі мәселелерді көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Нұрлан Сабуровтың Ресейдегі концерттері жаппай тоқтатылып жатыр
Ресейдің Екатеринбург қаласында 3 ақпанға жоспарланған комик Нұрлан Сабуровтың концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ЕЖ телеграм-арнасына сілтеме жасап.
-
Дональд Трамптың әйелі туралы "Мелания" фильмі әлем бойынша көрсетіледі
Жұма күні кинотеатрларда АҚШ бірінші ледиі Мелания Трамп туралы деректі фильмнің көрсетілімі басталады. Голливуд сарапшылары бұл фильмнің сәтсіздікке ұшырауы мүмкін екенін айтып, оны кейде «жылдың фиаскосы» деп бағалауда. Рекламалық бюджеттің шамамен 30 миллион еуро болғанына қарамастан, бастапқы демалыс күндерінде табыс тек 4,2 миллион еуроға жетеді деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ BILD басылымына сілтеме жасап.
-
Алматы тауларында туристер үшін ауқымды жоба дайындалып жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскерде ЖИ бар бақылау жүйесі енгізіледі
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков әскери бөлімдердің бейнекамералармен қаншалықты қамтылғанын айтып, осы саладағы жаңашылдық туралы мәлімдеді.
-
OrdaMed басшысына іздеу жарияланды
OrdaMed АҚ басқарма төрағасы Еркін Длімбетовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда шетелдіктер үшін "Алтын виза" енгізілді
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 203 млрд теңгенің қаржы бұзушылықтары анықталды
Жоғары аудиторлық палата Алматы қаласында жүргізген аудит қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді
Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында қолдану ережелерінде өзгерістер енгізілді. Енді зейнетақы жинақтарының артығын пайдалана отырып, тек негізгі қарызды төлеуге болады. Яғни, банкке төленетін ай сайынғы төлемдегі пайыздар мен басқа қосымша төлемдер өзіңізге қалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде интернет-алаяққа жәрдемдескен күдікті ұсталды
Ақтөбеде интернет-алаяқтыққа жәрдемдесуге қатысы бар Павлодар қаласы тұрғынының заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қорғаныс министрлігі: Әскерге күштеп әкету жаппай сипат алған жоқ
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Сенатта өткен брифингте Қазақстанда әскерге жаппай күшпен мәжбүрлеп шақыру туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЖОО түлектері келісімшарт негізінде әскери қызметке шақырылуы мүмкін
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Сенатта өткен брифингте келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру саласындағы жаңашылдық туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Баланың көзінше шылым шеккендер жазалануы мүмкін бе? – ІІМ жауап берді
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенатта өткен баспасөз брифингінде ата-аналар баланың көзінше темекі шеккені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңаөзендегі кісі қолынан қаза тапқан дәрігер ісі: ІІМ пікір білдірді
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенатта өткен баспасөз брифингінде Жаңаөзенде кісі қолынан қаза тапқан дәрігердің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда күзет қызметі мен қару айналымына бақылау күшейеді
Сенатта күзет қызметін жетілдіруге, қару айналымына және күштік құрылымдарға арналған тұрғын үй төлемдерін тәртіпке келтіруге бағытталған заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Лукойл" шетелдік активтері бар еншілес компаниясын сатады: Қазақстандағы жобаларға әсер ете ме?
"Лукойл" жария акционерлік қоғамы (ПАО) америкалық Carlyle инвестициялық компаниясымен LUKOIL International GmbH компаниясын сату жөнінде келісім жасасты. Бұл – компанияның шетелдегі активтеріне иелік ететін 100% еншілес ұйым, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі компанияға сілтеме жасап.
-
АҚШ Иранға соққы берсе не болады? Сарапшылар болжаған 7 сценарий
Сарапшылардың пікірінше, АҚШ жақын күндері Иранға әскери соққы беруі мүмкін. Әскери нысандар алдын ала белгілі болғанымен, оның салдары қандай болары беймәлім. Келіссөздер нәтиже бермей, Дональд Трамп шабуылға бұйрық берсе, оқиғалар қалай өрбуі мүмкін? Сарапшылар ең «жеңіл» сценарийден бастап, ең қауіпті нұсқаларға дейінгі 7 мүмкін бағытты атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстанда алкоголь сатуға шектеу қойылуы мүмкін
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенатта өткен баспасөз брифингінде депутаттардың алкоголь саудасын шектеу жөніндегі ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Рақымшылық аясында 5 мыңнан аса адам түрмеден босатылды
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министрлік Жамбылдағы сарбаз өлімі туралы: Іс жеке бақылауда
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Жамбыл облысындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жұмыс іздеуші көп, бос орын аз: Қазақстандағы еңбек нарығының 2025 жылғы қорытындысы
2025 жылы Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы порталында 1 млн 328 мың вакансия және 1 млн 453,8 мың резюме орналастырылған. Осылайша, жұмыс іздеушілер тарапынан ұсыныс жұмыс берушілер ұсынған сұраныстан 125,8 мыңға артық болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың дерек шықты
Астанада үш көліктің қатысуымен болған жаппай жол-көлік оқиғасы тергеліп жатыр. Апат салдарынан екі адам қаза тапқан. Бұл туралы Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жұмысқа бара жатқан жолаушылардың ақшасы мен алтыны жоғалды
Алматы қаласында қоғамдық көлікте қалта ұрлығын жасаған деген күдікпен әйел адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сталкинг: Семейдегі жұртты шошытқан қыздың оқиғасы қайта тексеріледі
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенаттың кулуарында Семейдегі жұртты шошытқан қыздың ісін қайта тексеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Конституциялық реформа – негізгі өзгерістер
28 қаңтарда Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Арктикадағы стратегиялық түйін: АҚШ Гренландиядан не іздеп отыр
Арктикадағы геосаяси бәсеке күшейген сайын Гренландия АҚШ сыртқы саясатының маңызды нүктесіне айналып отыр. Президент Дональд Трамптың бұл аумақты ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан стратегиялық маңызы бар өңір ретінде атауы Арктикадағы әскери, экономикалық және саяси мүдделердің тоғысқанын көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмды
Шымкентте әйелін пышақтаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан пойызы Ұлы Жібек жолы бойымен сапарға аттанады
Вагондар 2026 жылғы 20-25 наурыз аралығында “Jibek Joly” туристік пойызының құрамында Ұлы Жібек жолы бойымен сапарға аттанады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: АҚШ Венесуэлаға оралып, Иранға қатаң ескерту жасады, Колумбия мен Мьянмада апат болды
АҚШ Венесуэламен дипломатиялық қатынасты қайта жандандыруы мүмкін. Иранға ядролық келісімге қатысты қатаң ескерту жасалды. Колумбия мен Мьянмадағы апаттар, климат жөніндегі БҰҰ дабылы – BAQ.KZ тілшісі әлемдегі басты жаңалықтарға шолу жасап, назарларыңызға ұсынды.
-
Қазақстанның жеке секторына OPEC қоры тікелей қаржы бөледі
Сенаторлар Қазақстан Үкіметі мен OPEC халықаралық даму қоры арасындағы жеке секторда операцияларды ұйымдастыру туралы Рамалық келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
2026 жылы наурызда еліміздің тұрғындары жалпы 13 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтауда сауда орталығында жасөспірімдер қыз баланы жабылып ұрып кетті
Ақтаудағы Saya Park сауда-ойын-сауық орталығында бір топ жасөспірім қыз баланы соққыға жықты. Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
189 млн теңге: Алакөл ауданында әкім орынбасары сотталды
Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған. Нәтижесінде бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам сома заңсыз аударылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президенттің баспасөз хатшысы ауысты
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер еліміздегі бүгінгі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Не келісім, не соққы: Трамп Иранды ядролық келісімге келуге шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды ядролық келісімге тез арада келуге шақырып, қарсы жағдайда ауқымды әскери соққы жасалатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Ауғанстанмен ынтымақтастық бойынша ведомствоаралық үйлестіруді күшейтуде
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Ауғанстанмен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бір ел – бір кітап: оқырман биыл қандай кітап оқиды
Астанада "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында жарылыс болды
Алматы облысы Қонаев қаласында бүгін түрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Алматы ТЖД берген хабарламасына сай, 4-қабаттағы пәтерде газ-ауа қоспасының жарылыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЖИ Қазақстанның ЖІӨ-сін қанша пайызға арттырады? – сенатор жауабы
Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев жасанды интеллект пен цифрлық контентті белсенді қолдану Қазақстан экономикасының өсуіне серпін бере алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Әр науқастың алғысы – мен үшін ең үлкен марапат"
Ауыл медицинасының дамуы – елдің әлеуметтік әл-ауқаты мен халық денсаулығының айнасы. Бұл салада өз білімін халық игілігіне арнап жүрген жас мамандардың еңбегі әрдайым ерекше құрметке лайық. Солардың бірі – Жамбыл аудандық емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және сауықтыру бөлімінің меңгерушісі Жұлдыз Қапарбекова. BAQ.KZ тілшісі жас болса да, үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген дәрігермен кәсіби жолы, ауыл медицинасы және өмірлік ұстанымы жайлы әңгімелескен еді.
-
2:3. "Қайрат" "Арсеналға" есе жіберді
Алматылық "Қайрат" Лондонның "Арсеналына" жол беріп, Чемпиондар лигасының осы маусымдағы додасын турнир кестесінің ең соңғы сатысында аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады: Тірі қалғандар жоқ
28 қаңтар күні Колумбияда Beechcraft 1900 маркалы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Кукута – Оканья бағыты бойынша рейс орындаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мьянмада театр әртістері мінген автобус шатқалға құлап, 12 адам қаза тапты
28 қаңтар күні Мьянмада жолаушылар мінген автобус терең шатқалға құлады. Оқиға салдарынан кемінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
29 қаңтарға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Венесуэлаға қайта оралады: дипломатиялық миссия ашылуы мүмкін
АҚШ билігі жақын арада Венесуэлада өз дипломатиялық қатысуын қайта қалпына келтіруді көздеп отыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінде өткен тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңаөзен ауруханасында дәрігер кісі қолынан ажал құшты
Жаңаөзен қаласындағы ауруханада дәрігер-терапевтке пышақпен шабуыл жасалып, ол алған жарақаттарынан көз жұмды. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін өз еркімен полицияға берілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх