Все новости за 27 қаңтар 2026
-
-
Қарлы боран, көктайғақ: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 28 қаңтарда Қазақстанның 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Gulfood 2026 көрмесінде алғаш рет Ұлттық павильонды таныстырды
Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан әлемдегі ең ірі азық-түлік және сусындар индустриясына арналған Gulfood 2026 халықаралық көрмесінде Қазақстан алғаш рет бірыңғай Ұлттық павильонмен қатысып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте екі жасөспірімнен есірткі салынған 70 пакет тәркіленді
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері есірткі таратумен айналысқан тұлғалардың жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тыйым салынған заттарды сатумен шұғылданған жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жамбылда әскери қызметші қаза тапты: Cотқа дейінгі тергеу басталды
Бүгін, 27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ауыр жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қаза болуына байланысты Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Глубокое жастарының құқықтық мәдениетін қалыптастыру жобасы іске асуда
«Күш - бірлікте» көшбасшылар клубының бағдарламасы 2025 жылғы қаңтар айында Глубокое ауданы прокуратурасының бастамасымен «Белоусовка орта мектебі №1» КММ базасында бастау алды. Жоба өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және заңға жауапкершілікпен қарауға бағытталған тиімді тетік ретінде әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жер алу: eGov-та жаңа қызметтер пайда болды
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитеті eGov.kz порталында жер қатынастары саласындағы жаңа мемлекеттік қызметтерді іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алакөл жағалауының туристік инфрақұрылымы жақсартылады
Мемлекет басшысының Жетісу облысындағы Алакөл жағалауының туристік инфрақұрылымын және қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес бірқатар жүйелі шаралар қабылдануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Полиция трассада толғағы басталған әйелге шұғыл көмек көрсетті
Жетісу облысының полицейлері жүкті әйелді шұғыл перзентханаға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы әуежайында ірі бұзушылық анықталды
Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметінде кемшіліктерді анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алаяқтар адамдарды "Қазақтелеком" атын жамылып тонауға көшкен
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті зиянды қосымшалар арқылы ақша ұрлау фактілерінің жиілеп кеткені туралы ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қысқы Олимпиада: Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды
2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астаналық оқушылар мектепке бармайтын болды
Астана қаласы Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін екінші маусымда оқитын балалардың сабағын онлайнға ауыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Францияда балаларға интернетті қолдануға тыйым салынды
Францияның Ұлттық жиналысы (парламенттің төменгі палатасы) 15 жасқа толмағандардың әлеуметтік желілерге қол жеткізуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Рекорд: Елдегі депозиттердің негізгі бөлігі 5 банкте жатыр
2025 жылғы қарашаның соңына қарай Қазақстандағы жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат көлемі 26,6 трлн теңгеге жетіп, жыл басынан бері 2 трлн теңгеге артты. Инфляция мен валюта бағамының құбылмалы жағдайына қарамастан, депозиттер қаражатты сақтаудың ең танымал құралдарының бірі болып қала беретінін ranking.kz сарапшылары атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЮНИСЕФ: Газада 100-ден астам бала қаза тапты
Газа секторында 2025 жылғы қазанда қол жеткізілген атысты тоқтату режиміне қарамастан 100-ден астам бала қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
-
Зейнеткерлерді тонап, автокөлікті заңсыз шығарып келген топ Алматыда қолға түсті
Алматы қаласының құқық қорғау органдары қалалық прокуратурамен бірлесіп интернет алаяқтық пен заңсыз автокредит рәсімдеу ісімен айналысқан қылмыстық топтарды тоқтатты. Көрсетілген шығындардың жалпы көлемі зардап шеккен азаматтар мен қаржы ұйымдары үшін 300 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде жөндеуге тапсырылған алтындарды ломбардқа өткізген зергер ұсталды
Ақтөбеде жөндеуге тапсырылған алтындарды ломбардқа өткізген зергер ұсталды
-
Назгүл мен Құндыз оқиғасы: Жамбылда балалар мен мүгедек қызды азаптаған қамқоршы қамалды
Жамбыл облысының полиция департаменті Зульфия Түленова бақылауында болған балалар мен мүгедек қызға қатысты азаптау фактісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады. Полицияның хабарлауынша, әйел уақытша ұстау изоляторына жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституция қайта жазыла ма? Президент комиссия жұмысына баға берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Щучинскте кадеттер арасында жұқпалы ауру тарап, карантин жарияланды
Щучинскідегі Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжде демалыстан қайтқан кадеттер арасында қызылшаға шалдыққан жағдайлар тіркелді. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздегі бензин қоры қанша күнге жететіні белгілі болды
Шымкент МӨЗ-де қондырғыны жоспарлы жөндеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "ҚазМұнайГаз"-ға сілтеме жасап.
-
Павлодарда дәрігерлер үш минут бойы жүрегі тоқтаған зейнеткерді өлімнен құтқарды
Павлодарда дәрігерлер үш минут бойы жүрегі тоқтаған зейнеткерді өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұман, жел, көктайғақ: Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Астана мен Алматы қалаларында 28, 29 және 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өлім-жітімі жоғары Нипах вирусы: Азия елдері әуежай тексерісін күшейтті
Үндістанның Батыс Бенгалия штатында өлім-жітімі жоғары Нипах вирусының таралуына байланысты Азияның бірқатар елінде әуежайлардағы санитарлық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Тоқаев Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Моншадан мектеп жасап, ақша алып отырғандар бар – министр
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова заң бұзушылықтарға жол берген жекеменшік мектептердің лицензиясын алып қою мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оман жағалауында туристер отырған қайық аударылды, қаза тапқандар бар
Оман жағалауында туристер мінген қайық аударылып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.
-
Ақмола облысында алимент төлемеген ана сотталды
Ақмола облысында балаларына алимент төлемеген ана сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодар облысында "Газель" жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
26 қаңтар күні Павлодар облысындағы Шарбақты ауылының маңында, Омбы – Майқапшағай автожолында жаяу жүргіншіні көлік қағып, соның салдарынан адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еңбек министрі болып Асқарбек Ертаев тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Үй мен көліктің терезесін сындырған": Қаскелеңде әйелі мен енесін ұрып-соққан ер адам ұсталды
Алматы облысының Қаскелең қаласында ер адам әйелін және енесін ұрып-соғып, үйі мен көлігін қиратқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Индонезияда жер сілкінді
Индонезияда магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Клиникалық зерттеу ережелері өзгерді: Сараптама мерзімі 30 жұмыс күнінен аспайды
Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 21 қаңтардағы бұйрықпен дәрілік заттар мен тірі ағзадан тыс диагностикаға арналған (in vitro) медициналық бұйымдардың клиникалық зерттеулеріне қатысты талаптарды жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ана мен бала денсаулығы: Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші төмендеді
Қазақстанда нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстауда өгей әке баласын зорлап, өз-өзіне қол жұмсады
Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістанда 70-тен астам мектеп асханасы заңсыз жұмыс істеген
Түркістан прокурорлары 70-тен астам білім беру мекемелерінің асханаларында санитариялық талаптардың сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Instagram, WhatsApp және Facebook ақылы болады
Мета WhatsApp, Instagram және Facebook үшін ақылы жазылымдарды дайындап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет "Қазақстан балалары" бағдарламасын бекітті
Бүгін Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында берген тапсырмасы негізінде әзірленген «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекітті. Бұл жайында Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Спортшылардың олимпиадаға киетін формасы сынға ұшырады
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылардың салтанатты киім үлгісіне қатысты айтылған сынға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сәпиев пен Есімхановтың төбелесі: Министр пікір білдірді
Қарағанды облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты оқиғадан кейін қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанға әлем жұлдыздары Timbaland, Nicole және Busta Rhymes келеді
2026 жылы әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерттер өтеді. Мамыр айындағы алғашқы концертке Timbaland, Nicole Scherzinger және Busta Rhymes қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Балаларға арналған SIM-карталар енгізіле ме? – министр түсіндірді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балаларды заңға қайшы контенттен қорғау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мектеп пәндері біріге ме? Министр жауап берді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұрын жоспарланған пәндерді біріктіру мәселесіне қатысты түсініктеме берді.Оның сөзінше, 2025 жылғы алқалы жиында бірқатар пәндерді біріктіру туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу шетелдік клиникаларға жіберілетін балалар санын екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Үкімет отырысында жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада аяз қашан қайтады?
“Қазгидромет” Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
-
Үкіметте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада автобустар саны артты: Аялдамадағы күту уақыты қысқарады
Астанада қоғамдық көліктің жұмысы күшейтілді. Қалалық төрт және экспресс санатындағы үш бағытта автобустар саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ City Transportation Systems көлік кешендерінің операторына сілтеме жасап.
-
Жаңа әлемдік формат: Трамп құрған "Бейбітшілік кеңесіне" Қазақстан не үшін қосылды?
Жаңа ұйымның құрылуы нені білдіреді және ол Астана үшін қандай мүмкіндіктер мен тәуекелдер әкелуі мүмкін? Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі шолуынан оқи аласыз.
-
Балаларды желіден шектеу: Үкімет батыл шешім қабылдауға ниетті
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалардың деректері тіркелетін цифрлық платформаларға қойылатын талаптар күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ғалымдар күндізгі қысқа ұйқының пайдасы туралы айтты
Ғалымдар күндізгі уақытта бір сағатқа дейін мызғып алу ұйықтау нейрондардың қозғалғыштығын едәуір арттыратынын дәлелдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ScienceDirect-ке сілтеме жасап.
-
Жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарға әуес – Бектенов
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың баяндамасынан кейін Премьер-министр Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
$4 млрд-қа дейін өтемақы: Энергетика министрлігі Қарашығанақтағы арбитраж ісіне түсініктеме берді
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қарашығанақ жобасына қатысушылардың халықаралық арбитраждық талқылау қорытындысы бойынша ықтимал қаржылық міндеттемелеріне қатысты жарияланымдарға түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Геннадий Головкин Өзбекстан президентімен боксты дамыту мәселесін талқылады
World Boxing халықаралық федерациясының төрағасы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бурабайда кептеліс, Балқашта жанармай тапшылығы бар – министр
Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туризм саласындағы негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдары жөнінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: «Әл-Жазира» қызметі тоқтады, Трамп Гренландияға әскер жіберуден бас тартты, Лувр мұражайы жабылды
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Қазақстан туризм бойынша жаһандық рейтингте 52-орынға көтерілді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туризм саласындағы ахуал мен негізгі көрсеткіштерге тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Нәтиже көрмесек, қоштасамыз". Бектенов жаңа басшыға талап қойды
Премьер-министр Олжас Бектенов Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновке экотуризмді дамытуға қатысты сұрақ қойып, саладағы нақты нәтижелерге назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сауда үйлері, пәтерлер мен автокөліктер алған: Семейде "алтын бөлмеден" кен ұрлағандар сотталды
Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы-инвестициялық «Алел» корпорациясының өндірістік нысандарына заңсыз кіріп, алтынқұрамды кенді ұрлады деп танылған қаладағы үш тұрғынға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Қазақстан этникалық және діни өшпенділікті қатаң айыптайды
Мемлекет басшысы Израиль президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әуе компаниясы жолаушыға моральдық өтемақы төледі
Қарағанды қаласының тұрғыны «Астана-Фукуок-Астана» бағыты бойынша жалпы құны 420 мың теңге болатын төрт әуе билетін сатып алған. Ұшуға бір тәулік қалғанда әуе тасымалдаушы жолаушыны рейстің тоқтатылғаны туралы хабардар еткен. Сол себепті жолаушы әуе компаниясын сотқа берген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы өсті
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өсті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Психолог бақытты некені қалай құруға болатынын айтты
Отбасылық психолог Дарья Сальникова берік қарым-қатынастың негізі – психологиялық қауіпсіздік сезімі екенін түсіндірді. Яғни серіктестер бір-бірінің жанында өз болмысын жасырып қалмай, бір-біріне сүйене алуы маңызды. Бұл туралы BAQ.KZ «Известия» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
-
Нұркентте 4 жастағы ұлын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды
Ресми деректерге сәйкес, өз баласын ұрып-соқты деп айыпталған 28 жастағы әйелге қатысты тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі («Азаптау») бойынша жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясы төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу кезеңінде сот күдіктіні қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде 2026 жылы картоп, сәбіз және жүгері егісі ұлғаяды
Премьер-Министрдің орынбасары және Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарына дайындық және оны жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Гамбургтағы шабуыл: 15 адам жарақат алды, әйел психиатриялық ауруханаға жіберілді
Германияның Гамбург қаласында вокзалдағы жолаушыларға пышақпен шабуыл жасаған әйел тұрақты психиатриялық бақылауға алынды. Бұл туралы BAQ.KZ Euronews материалдарына сілтеме жасап хабарлайды.
-
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік осал жандарды 240 миллион теңгеге алдағандар сотталды
Елордада автонесиеге қатысты күрделі алаяқтық схеманы ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақ үй Украина мен Ресей арасындағы Абу-Дабидегі келіссөздерді тарихи деп атады
Абу-Дабиде өткен Украинаға қатысты келіссөздер тарихи маңызға ие болды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-тағы қысқы дауыл қайғылы жағдайға ұласты
АҚШ аумағын шарпыған қысқы дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Импичмент қаупі: Трамп Гренландияға әскер жіберу жоспарынан бас тартты
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Гренландияны бақылауға алу мақсатында әскери араласу нұсқасынан бас тартты. Бұл туралы BAQ.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
Қамқоршылықтағы Назгүл мен Құндыздың оқиғасы полиция назарында
Әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық сипатталған видео тарады. Видео түсініктемесінде 12 бала асырап алған Тараз тұрғыны балаларын ұрып-соғып жатқаны айтылған. Сондай-ақ 10 баланың мүгедек екені де нақтыланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Берлиндегі диверсия: ақпарат бергендерге 1 млн еуро сыйақы жарияланды
Германия билігі Берлин қаласының энергетикалық инфрақұрылым нысанында жасалған диверсияны тергеуге көмектесетін мәлімет үшін 1 миллион еуро көлемінде сыйақы тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Berliner Zeitung басылымына сілтеме жасап.
-
5 адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленді
Атырауда онлайн есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
27 қаңтарға арналған валюта бағамы
Қазақстан Республикасы Р Ұлттық банкінің 27 қаңтарға арналған валюта бағамы туралы дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
4 жылда Арал теңізінің 672 мың гектар құрғаған табанына сексеуіл егілді
Оңтүстік Қазақстандағы жерлердің шөлейттену үдерістерін тоқтату және деградацияға ұшыраған аумақтарды қалпына келтіру мақсатында 2021-2024 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған аумағында 672 мың гектар жерге сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх