Все новости за 4 қаңтар 2026
-
-
Грекиядағы барлық әуе рейсі техникалық ақауға байланысты тоқтатылды
Kiprinform хабарлауынша, Грециядағы барлық рейстер Афиныдағы техникалық ақауға байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында үй жануарларына арналған азық өндіру зауыты салынады
Президенттің Алматы облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Астанада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр
Астанада қысқы кезеңде қала көшелерін күтіп-ұстау жұмыстары күшейтіліп, тәулік бойы жалғасуда. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
5 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 5 қаңтарда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Бомба бар": Таразда сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды
Таразда жарылғыш зат жөніндегі хабарға байланысты сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада 50-ге жуық волонтерлік ұйым жұмыс істейді
Елордада волонтерлік қозғалыс жыл санап қарқынды дамып келеді. Бұл туралы "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің маманы Айзат Али айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Берлинде шамамен 45 мың үй электр қуатынсыз қалды
Германия астанасында ауқымды электр жарығының өшуі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау облысында 15 су тазарту нысаны жаңартылды
Атырау облысында ауызсумен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, басты назар су қызметінің сапасын арттыруға бағытталуда. Бүгінде облыс халқының 99,9 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Ал елді мекендер бойынша бұл көрсеткіш 94,2 пайызды құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар, жаңбыр, көктайғақ: 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" 5 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министрлік балаларға арнап арзан вакцина сатып алғаны рас па?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан балалардың ауруына себеп болады деген «арзан вакциналарды сатып алу» туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және жалған екенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Былтыр Ақтөбе облысында 45 әлеуметтік нысан салынды
Мемлекет басшысының өңірлерді жүйелі дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайту жөніндегі нақты тапсырмалары облысымызда айқын нәтижелермен жүзеге асты. Ақтөбе облысында құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды былтырғы жылмен салыстырғанда 117,7 пайыз өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлытау облысында жоғалған азаматтар табылды
Ұлытау облысында Бостұмсық ауылының маңында жылқы іздеуге шығып, жоғалып кеткен азаматтар табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зеленский 6 қаңтарда Трамптың өкілдерімен кездеседі
Украина президенті Владимир Зеленский 6 қаңтар күні Парижде АҚШ президенті Дональд Трамптың командасымен Ресей–Украина соғысын бейбіт жолмен аяқтау мәселесін талқылау үшін кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
София Актаева семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Швейцарияда аза тұту күні жарияланды
Швейцария билігі Кран-Монтана курортындағы барда болған өрт салдарынан 40 адам қаза тапқаннан кейін 9 қаңтарды ұлттық аза тұту күні деп жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Теннис: Александр Бублик Гонконгтағы турнирге қатысады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өтетін ATP-250 санатындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Starlink Венесуэлаға бір ай бойы тегін байланыс қызметін ұсынады
Ғаламдық спутниктік байланыс жүйесі Starlink Венесуэланы 3 ақпанға дейін қоса алғанда кеңжолақты интернетке тегін қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иранда полиция бөлімшесіне жасалған шабуыл кезінде үш адам қаза тапты
Иранның Илам провинциясына қарасты Меликшах қаласында наразылық білдірушілер полиция бөлімшелерінің біріне шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Венесуэлаға қатысты шұғыл отырыс өткізеді
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі дүйсенбі күні АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы жүргізген операциясына байланысты шұғыл отырыс өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жыл Қазақстан экономикасы үшін қиын болады – сарапшылар болжамы
2026 жыл Қазақстан экономикасы үшін күрделі кезеңге айналуы мүмкін. Экономистер жаңа Салық кодексі, инфляция, теңге бағамы мен мұнайға тәуелділік ішкі тәуекелдерді күшейтіп, экономиканың тұрақтылығына қысым түсіреді деп болжап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БҚО-да қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды
Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
-
Франция: Венесуэла президентін тұтқындау – халықаралық құқықты бұзу
Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Венесуэла президенті Николас Мадуроның ұсталуына әкелген АҚШ-тың әскери операциясы күш қолдану қағидаттарына қайшы келіп, халықаралық құқықты бұзатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Венесуэладағы жағдай: мыңдаған турист Карибтен кете алмай отыр
АҚШ-тың Каракастағы азаматтық және әскери нысандарға жасаған шабуылынан кейін мыңдаған турист Кариб аралдарынан шыға алмай қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ британдық The Daily Mail газетіне сілтеме жасап.
-
Күн райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр
Алматыдан және Қазақстанның өзге қалаларынан ұшатын жолаушылар рейстердің кешігуі мүмкін екені жөнінде ескертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Air Astana әуе компаниясына сілтеме жасап.
-
2026 жылдан бастап көлік салығында қандай өзгерістер болады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінде көлік салығына қатысты өзгерістер көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар әуежайы қайтарылған активтер есебінен жаңартылады
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облысында әуежайды жаңғыртуға кірісіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Кариб теңізі үстіндегі әуеге қойылған шектеулерді алып тастайды
АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы әскери операциясы басталғаннан кейін енгізілген Кариб теңізі үстіндегі әуе кеңістігінде ұшуға қойылған шектеулер Баку уақытымен таңғы 09:00-де алынып тасталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған автожол инфрақұрылымын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұнай, миллиардтар және бақылау: Трамп АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты жоспарын жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлада жүргізілген әскери операцияны "мінсіз орындалған" деп атап, оны Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі теңдессіз оқиға ретінде бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иран мен Пәкістан шекарасында қарулы қақтығыс болды
Иран мен Пәкістан шекарасында ел аумағына заңсыз кірмек болған "лаңкестер" мен шекарашылар арасында қақтығыс тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Венесуэлаға уақытша президент тағайындалды
Венесуэланың жоғарғы соты вице-президент Делси Родригесті мемлекет басшысының міндетін атқарушы етіп тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
4 қаңтарға арналған валюта бағамы
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу мен сату бойынша орташа өлшенген бағамдары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында 2025 жылы 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
2025 жылы Алматы облысына 1,3 трлн теңге инвестиция тартылып, өңірде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
КХДР Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды
КХДР Жапон теңізіне бағытталған екі баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Kyodo агенттігі Жапония үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа ластанады
Бүгін еліміздің сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-тың Венесуэлаға соққыларынан кемінде 40 адам қаза тапты
АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған әскери операция аясында АҚШ-тың Венесуэла аумағына жасаған соққылары салдарынан кемінде 40 адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындар бар. Бұл туралы The New York Times басылымы дереккөздерге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
CNN: Мадуро мен оның әйелі Нью-Йорктегі қамау орталығына жеткізілді
АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті Нью-Йорк қаласының оңтүстігіндегі Бруклин ауданында орналасқан қамауға алу орталығына жеткізді. Бұл туралы CNN телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 4 қаңтарға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстардың болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Израиль Газаның солтүстігінде зымыран тасығышқа соққы жасады
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторының солтүстік бөлігінде Сдерот қаласын атқылауға дайындалған зымыран тасығышқа соққы берді. Бұл туралы армияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Венесуэла мәселесі бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді
Венесуэла мәселесін қарау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ ҚК) отырысы 5 қаңтарда сағат 10:00-де Нью-Йорк уақыты бойынша (Астана уақытымен 20:00) өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Известияға сілтеме жасап.
-
Макрон: Венесуэладағы алдағы өтпелі кезең бейбіт болуы керек
Франция Президенті Эммануэль Макрон Венесуэладағы алдағы өтпелі кезең бейбіт, демократиялық және халықтың еркіне негізделуі тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Жамбыл облысында жоғалған ер адам үш күннен кейін табылды
Жамбыл облысында жоғалған ер адам табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Трамп АҚШ-тың Венесуэланы өтпелі кезеңде басқаратынын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп биліктің ауысу кезеңінде АҚШ Венесуэланы бақылауда ұстайтынын мәлімдеді, де хабарлайды BAQ.KZ.
-
Швейцариядағы өрт: бар менеджерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды
Швейцария прокуратурасы жаңа жыл түні Кран-Монтана тау шаңғысы курортында орналасқан Le Constellation барында болған жойқын өртке байланысты мекеме менеджерлеріне қарсы қылмыстық тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Наверх