Все новости за 3 сәуір 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстан және Нидерланд СІМ басшылары қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді талқылады
Нидерланд тарапының бастамасымен Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ханке Бруинс Слотпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда Құлсарыдағы көпір уақытша жабық
«Достық» ықшам ауданы мен 5 ауылды жалғап тұрған көпірде су ағысының қатты келуіне байланысты қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шаған өзенінің жағалауын нығайту жұмысы жалғасуда
Шаған өзенінің жағалауын нығайту жұмысы үшін бүгін 17 мың құм толтырылған қапшық дайындалып, саяжайларға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
4 сәуір күні Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері жұмыс істемейді
Ертең Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Синоптиктер ертең, 4 сәуірде елдің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Десанттық-шабуылдау әскерлері барлау кешенін атыста сынап көрді
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің артиллеристері алғаш рет осы жылдың ақпан айында қару-жараққа келіп түскен «Платформа» радиолокациялық кешенін пайдалана отырып, атыс жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тәулік бойы бақылау. ТЖМ-де өткен кеңесте су тасқынына қарсы шаралар талқыланды
Облыстағы су айдындарында мұз кептелісін болдырмау үшін мұз жару жұмыстары жүргізілуде.
-
Жалдамалы пәтерде есірткі өсірген: Шымкентте екі фитозертхана жойылды
Шымкентте полиция екі фитозертхананы жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Ақтөбе су қоймасы мен Қарғалы өзеніне шолу жасалды
Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ветеринария саласында көрсетілген қызметтер көлемі қанша болды
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында ветеринариялық қызмет саласында көрсетілген қызметтер көлемі 69 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,9% жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада көктемгі дератизация жұмысы басталады
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елордада көктемгі дератизация жұмысын өткізуді бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Елімізде базарлар саны азайып барады
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 644 сауда базары тіркелген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 78-ге аз, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеліктер шұрқ-тесік жолдарды сынға алды
Ақтөбеліктер көпшілік жиі баратын Орталық базар орналасқан Уәлиханов көшесінің жолдарын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Отбасының цифрлық картасы арқылы МӘСҚ-тен 767 азаматқа төлемдер тағайындалды
2024 жылдың басынан бастап Отбасының цифрлық картасының көмегімен 767 азамат SMS-ке келісім беру арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алу құқығын пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АШМ отандық пияз өндірушілерді қолдау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады
Ауыл шаруашылығы министрлігі және ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау облысында тасқын суға қарсы жұмыс қарқынды
Судан құтқару жұмыстары Тайсойған ауылында да жүріп жатыр.
-
Астанадағы рейдтер: елордада кезекті бұзушылар жазаланды
Елорданың барлық аудандарында 18 наурыздан бастап вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Полицейлер аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп сауда нүктелерін тексеріп, таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
СҚО прокурорлары бизнеске қатысты 29 салық тексерісінің күшін жойды
Талдау барысында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын салықтық тексерулерді заңсыз жүргізуде көрсетілген өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аудандарда жағдай тұрақталды – Қарағанды облысының ТЖД
ТЖД бастығы Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Вице-премьер Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар барысын тексерді
Су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені Жібек Жолы ауылында белсенді түрде іске асырылуда.
-
Отбасының цифрлық картасы арқылы 75 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 162 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 75 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШЫҰ мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі өтті
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған курстар басталды
Елімізде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
-
Оңтүстік кореялық Вусонг университетінің филиалы Түркістан қаласында ашылады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімдігі мен басшылығы арасында Вусон университетінің филиалын ашу туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыдағы автобус апаты: Жәбірленушілер жүргізушінің есінен танып қалғанына күмәнданды
Алматыда автобус жүргізушісін ұрған күдіктінің ісі бойынша төртінші тыңдалым өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қарағанды мен Ақмола облысына гуманитарлық көмек жіберілді
Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны болған екі өңірге гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Прокуратура 2,4 млрд теңгеге бағаланған жерді қайтарды
Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шығыс Қазақстан облысының тауларында қар көшкіні түсірілді
Қар көшкіні қаупіне байланысты Катон-Қарағай ауданындағы "Берел-Рахман қайнары" автожолының учаскесінде қар көшкіні профилактикалық түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Су тасқыны. БҚО-да 31 адам уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілді
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылында еріген қардың қарқынды еруі және даладан еріген судың келуі салдарынан тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Балалар сауықтыру орталықтарына жолдама алады
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушыларға Балаларды сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
-
Су тасқыны. Әскерилер Аягөз ауданында көпір орнатты
Су тасқыны кезінде Боран және Жиделі елді мекендерімен жол қатынасы бұзылған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қармен бірге еріген Қарағанды жолдары қандай күйде
Алты ай қыстан кейін көктем келе Қарағанды жолдары ойдым-ойдым болып шыға келді. Шұрық-тесік жолдармен автокөліктердің қатынауы қиынға соғуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқыны. Ақтөбе облысында комиссия екі күнде 1237 өтініш қабылдады
Материалдық шығынды есептейтін комиссия екі күнде 1237 өтініш қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бишімбаев Нүкенованың қалай қайтыс болғанын айтты
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың қалай қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
-
Су тасқыны. Ақтөбедегі Әйке ауылынан 188 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысындағы Әйке ауылында эвакуация жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауыл балаларына арналған олимпиаданың ІІ кезеңіне 10 мың баласы қатысты
10 мыңға жуық ауыл оқушысы IQanat олимпиадасының II кезеңіне қатысып, өз білімдерін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алакөлге апаратын пойыздың жағдайы жан түршіктіреді – депутат
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау еліміздегі туризмнің жай-күйін айтып, саланы дамытудың жолын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәжіліс депутаты теңіз вокзалын салуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Ақтау портында теңіз вокзалын салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЕАЭО мүше мемлекеттер арасында ғылыми байланыстар нығаяды
Бүгін Сенат отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы Заңын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқыны. Қостанай облысында 1284 адам құтқарылды
Қостанай облысындағы су басу аймағынан Арқалық қаласында, Амангелді ауданында, Жангелді ауданында барлығы 1284 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметінен босатты
Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда ұлыбританиялық дәрігер күрделі ота жасады
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Еуропаның жетекші кардиологының қатысуымен шеберлік сағаты өтіп, ота жасалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарғалы су қоймасы 70 млн текше метр су қабылдай алады
Қазір жалпы сыйымдылығы 280 млн текше метр болатын Қарғалы су қоймасы тағы 70 млн текше метр су қабылдай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 12 адамды ажал құштырған ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталды
Алматы қаласының әуежайында "Bek Air" әуекомпаниясының "Fokker-100"маркалы әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында жол учаскесі бұзылды
"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі "Атамекен-Ертіс-Русская поляна" автожолындағы қозғалысты шектеу туралы шұғыл ақпаратты таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Депутат шаруалардың несиесін кешіруді ұсынды
Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин жұт мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы Олжас Бектеновке сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде жылу орталықтарын жөндеуге қанша қаржы бөлінеді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында Қазақстандағы жылу электр станцияларын жөндеуге қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тарифтер қымбаттап жатыр. Депутат байланыс операторларының әрекетін сынады
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ұялы байланыс қызметі тарифінің күннен күнге қымбаттап бара жатқанын айтты. Депутат осы мәселеге қатысты Премьер-министрге сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мүгедек таксисті алдап, ақшасын төлемей кеткен жолаушы ұсталды
22 жастағы жолаушының бұрын да алаяқтық жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Күніне 30-50 адам қайтыс болатын". Полиция қауіпті есірткі туралы ескертті
Бұл туралы Алматы қаласы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев Ұлттық құрылтайды талқылауға байланысты өткен жиын барысында айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқынынан қанша шығын келді? – Қаржы министрі жауап берді
Қаржы министрі Мади Тәкиев Мәжілістің кулуарында төтенше жағдайларға жергілікті бюджетте қанша теңге бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда Құрылтайда айтылған ұсыныстар талқыланды
Алматы қаласының ҚХА ақсақалдар кеңесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына байланысты «дөңгелек үстел» өткізді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Шығыс Қазақстанда 277 көпір тазартылды
Шығыс Қазақстандағы су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Астанада "Қарттарға қуаныш сыйла" акциясы ұйымдастырылды
"Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қарттарға қуаныш сыйла" акциясы өтті. Соның аясында орталықтың 35 жылдығына орай қарттарға арналған концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ ауылдағы қорасына қашан құжат рәсімдетіп еді? – депутаттар Үкіметке сауал жолдады
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай су тасқыны мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы Олжас Бектеновке депутаттардың атынан сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
7000-нан астам адам онлайн форматта құмар ойындарға қатысудан өздерін шектеді
Бұған дейін хабарланғандай ағымдағы жылдың 18 наурызынан бастап ҚР азаматтары мен резиденттерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеу жөнінде онлайн қызмет пилоттық режимде іске қосылған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысы Шет ауданында су алған үйлерді арнайы комиссия бағалайды
Аймақта су тасқынынан ең көп зардап шеккен Шет ауданындағы тұрғын үйлер тексеріліп, келтірілген шығынның көлемі анықталуда.
-
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс деп ойладым – Бишімбаев
Сотта экс-министр Қуандық Бишімбаев өз-өзіне қол жұмсағысы келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жарықты ойына келген бағамен сатады". Депутат трансформатор иелері әрекетін реттеуді сұрады
Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен электр энергиясының тарифтерін көтеретін жеке энергетикалық компаниялармен мәселені шешуді сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқынынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде
Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының медицина қызметкерлері эвакуацияланатын халықты қарап, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Алматыдағы «жабайы» сауданың жайы қалай?
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қызметіне кіріскен алғашқы күннен көшедегі «жабайы» саудамен күресетінін айтқан болатын. Бұл бағытта әкімдік тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып, базарлардың жанына шоғырланған ұсақ сауда орындарын да едәуір азайған болатын. Дегенмен күн жылынуымен көшеде тауарын жайып салып сауда жасап отырған саудагерлердің қайта көбейе бастағанын байқап қалдық. Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі саудагерді сөзге тартып, сауданың бұл түрі әлі де сұранысқа ие екенін білді.
-
Қостанайда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жалғасып жатыр
Бір апта ішінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар 60 млн теңгеге 327 өтініш берген. 1 сәуірдегі жағдай бойынша барлық өтініштер қанағаттандырылып, арызданушыларға материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АЭС құрылысы: Референдум қашан өтеді?
Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Энергетика министрі Қашағандағы жағдайға байланысты пікір білдірді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қашағандағы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әскери қызметшілер арықтарды тазартып жатыр
Әскери қызметшілер ШҚО-ның Алтай ауданында арықтарды тазартуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Президент: Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін бөлек қарастырамыз
Бұл туралы Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Энергетиктер қанша жалақы алады
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев энергетика саласының мамандарының айлығы қанша теңге екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Шапалақпен ұрып жібердім". Бишімбаев Нүкенованың қалай соққы алғанын айтты
Сот отырысында экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың қайтыс болған түні қандай оқиғалар болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Ауғанстан халықаралық лаңкестік топтардың ұясына айналмауына назар аударған жөн
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу көлемі ұлғайтылады
Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды несиелендірудің қолданыстағы ережелеріне қажетті түзетулер пакетін әзірлеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ primeminister.kz сілтеме жасап.
-
ШЫҰ – жаңарып келе жатқан халықаралық қауіпсіздік архитектурасы негіздерінің бірі – Тоқаев
Бұл туралы Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті
Қазақстан Президенті қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммитіне дайындық жүріп жатқанын айтып, аталған шараның еліміз үшін мәні зор екеніне назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қызылордалық құтқарушылар екі облыста авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде
Қызылордалық құтқарушылар Қостанай облысы Жангелді ауданындағы Сарысу елді мекеніндегі судың келуін бөгеу жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Қызылорда облысы ТЖД-не сілтеме жасап.
-
Көкпекті ауданында жағдай тұрақталды
Бүгінде қарғын су басқан аула аумақтары мен тұрғын үйлер жоқ. Жағдай бақылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Мәжіліс депутаттары Батыс Қазақстан облысына барды
Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Болашақ офицерлер Аршалы құтқарушыларына көмекке келді
Болашақ офицерлер Аршалы құтқарушыларына көмекке шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-не сілтеме жасап.
-
Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдінің отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздегі ЖЭС-тардың алды екеуіміз тумай тұрғанда салынған – Аманжол Әлтай
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жылу энергетикасы станцияларының жай-күйін айтып, жауапты министрге сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өңірлерде мұз жару жұмыстары жүргізілді
Өткен тәуліктегі су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты ТЖМ сайты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде энергетика саласын қадағалау күшейтіледі
Мәжіліс энергетика саласында қатысты заң жобасын қарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте Қытай компанияларының өкілдерімен форум өтті
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасының Чанджи-Хуэй автономды округ губернаторының орынбасары Су Сяоли ханым бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр
Егістіктерден еріген қар суының үлкен көлемінің Ұзынкөл су қоймасына ағуына байланысты оның толып кетіп, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Ұзынкөл кентін су басу қаупі туындады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-не сілтеме жасап.
-
Конституциялық сот: Жыл басынан бері мыңнан астам өтініш түсті
2024 жылдың бірінші тоқсанында Конституциялық соттың қарауына азаматтардан мыңнан астам өтініш келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда мемлекеттік наградалар жүйесі жетілдіріледі
Мәжіліс осы мәселеге қатысты заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су басқан елді мекендерде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді
Вице-министр Айжан Есмағамбетованың төрағалығымен Комитет, ҰCО, ҚДСҰО, аумақтық департаменттер мен обаға қарсы станциялар басшылығының қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жас хореографтардың "Өрлеу" фестивалі өтеді
2024 жылғы 3-5 сәуір аралығында Алматыда Қазақстанның бірінші балет мектебінің 90 жылдығына арналған "Өрлеу" VI Халықаралық хореографиялық оқу орындарының фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны: Депутаттар елмен бірге болады – Ерлан Қошанов
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тағы бір топ депутат су алып жатқан өңірлерге барып, халықпен бірге болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде доллар мен еуро бағамы өзгерді
Ұлттық банк 3 сәуірге арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысында 4 су қоймасы салынады
Ақтөбе облысында 4 су қоймасы салынады. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанай облысында су ағынын тоқтату жұмыстары жүргізіліп жатыр
Бұл туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті
Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖД құтқарушылары азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жалғастыруда
Ақтөбе облысындағы Сазды су қоймасындағы су ағынының ұлғаюы нәтижесінде Сазды және Жіңішке өзендеріндегі су деңгейін азайту мақсатында, суды ағызудың жоғарылауту жұмыстары жасалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-не сілтеме жасап.
-
Астанада ерекше балаларға арналған қайырымдылық концерт өтті
2 сәуірде Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні өтеді. Осы күнге орай «Астана Опера» театрында "Күн бәріне жарқырайды" қайырымдылық концерті өтті, , деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
3 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстан аумағында жел күшейіп, жауын-шашын түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті
Мамандардың айтуынша, Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті. Деркөл өзенінің гидробекетінде судың деңгейі 708 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгей 600-650 см. Ал, Шаған өзенінің гидробекетінде 1264 см құрады. Сонымен қатар Жайық өзенінің деңгейі бүгінгі күні 583 см-ді құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін елдің басым бөлігінде ауа сапасы нашарлайды
3 сәуір, сәрсенбі күні 9 қалада метеорологиялық жағдай нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматының ветеринарлық қызметінде көлік паркі жаңартылды
Алматыда ветеринарлық көлік паркі 16 жаңа бірлікпен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымбұлақта қысқы спорт түрлерінен жарыс өтеді
6-7 сәуір аралығында Алматыдағы Шымбұлақ тау курортының аумағында спорттық-музыкалық фестиваль өтеді. Биыл ұйымдастырушылар шараны екі күндік фестивальге дейін кеңейту туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Енді жұмысқа орналасар кезде әскери билет сұралмайды
Қорғаныс министрлігі ортада азамат пен ол туралы ақпарат болатын жүйені құру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде енді заңды тұлғалар әскери билет талап етпейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Индонезия СІМ-аралық консультацияларды өткізді
Қазақстан мен Индонезия СІМ-аралық консультацияларды өткізді
Қазақстан мен Индонезияның Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. Іс-шара шеңберінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық делегацияны бастаған Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Астана Джакартаны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі саяси және экономикалық әріптестердің бірі ретінде қарастырып жатқанын атап өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Индонезия Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдул Кадир Джайлани екіжақты байланыстардың даму динамикасына оң баға беріп, Қазақстан Индонезияның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі сенімділік білдірді.
Тараптар достық, өзара сыйластық және әріптестік негізінде жан-жақты өзара ықпалдастықты нығайтуға бейілділігін растады. Жоғарғы және аса жоғары деңгейлерде саяси диалогты тұрақта түрде жүргізу қажеттігі аталып өтті.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауданың оң нәтижелері аталып өтті, оның көлемі шамамен 300 млн АҚШ долларына жетті. Өзара тауар айналымының қазіргі деңгейі қолда бар үлкен әлеуетке жауап бермейтінін атап өтіп, дипломаттар жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін барынша күш салуға келісті. Келіссөздер барысында түрлі салалардағы нақты ұсыныстар мен жобалар талқыланды.
Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, мәдениет, білім, ғылым және спорт саласындағы байланыстарды арттыру бойынша ұсыныстармен алмасты.
Сондай-ақ, сұхбаттастар халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұстанымдары туралы пікір алмасып, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылға және екі мемлекеттің сыртқы саяси бастамаларына өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.
-
Елордада әуесқой командалар арасында баскетболдан қалалық чемпионат өтті
Өткен демалыс күндері елордада әуесқой командалар арасында баскетболдан Астана қаласының ашық чемпионаты «Астана баскетбол лигасы» аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Әскери қызметшілер алдын алу шараларын жүргізуге көмектеседі
68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су өткізу құрылыстарын және арықтар жүйесін тазарту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстау облысы ТЖД күштері Батыс пен Ақтөбеге көмектесіп жатыр
Маңғыстау облысы ТЖД күштері құралдарымен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында құтқару жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх