Мәжіліс депутаттары Батыс Қазақстан облысына барды

3 Сәуір 2024, 11:54
239
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары Батыс Қазақстан облысына барды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Бүгін мәжіліс депутаттары Абзал Құспан және Арман Өтеғұлов Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті базасында орналасқан жедел штаб жұмысына қатысты.

Мәжіліс депутаттары Батыс Қазақстан облысына барды

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев өңірдегі су тасқыны зардаптарын жоюға тартылған күштер мен құралдардың атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Мәжіліс депутаттары қажет болған жағдайда көмек қолын созуға дайын екендігін айтты.

Айта кету керек, 2024 жылғы 26 наурыздан құрамында азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері бар облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб құрылып, қауырт желі ұйымдастырылған болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы