Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс деп ойладым – Бишімбаев

3 Сәуір 2024, 13:12
2072
Бөлісу:
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс деп ойладым – Бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Сотта экс-министр Қуандық Бишімбаев өз-өзіне қол жұмсағысы келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның қайтыс болғанын түсіндім. Өзімді жоғалтып алдым. Кейін жедел жәрдем келіп, реанимациялық іс-шараларын жүргізе бастады. Мен не істеу керегін білмей, тұрып қалдым. Ол жерден кетіп, ас бөлмедегі пышақты қолға алдым. Ойымда бір ғана нәрсе болды. Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым. Сосын полиция қызметкерлері келді... Басқа ештеңе қосып айта алмаймын, - деді Қуандық Бишімбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бишімбаев өз нұсқасында Нүкенованың қалай соққы алғанын айтқан еді.

Өткен аптада өткен сотта Қуандық Бишімбавтың не үшін емшіге жүгінгені айтылды. Сотта экс-министр Салтанат Нүкеновамен қалай танысқанын және оны қасақана өлтіргенін мойындамайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы