Атырауда Құлсарыдағы көпір уақытша жабық

3 Сәуір 2024, 23:15
385
Бөлісу:
Атырауда Құлсарыдағы көпір уақытша жабық
Фото: baq.kz

«Достық» ықшам ауданы мен 5 ауылды жалғап тұрған көпірде су ағысының қатты келуіне байланысты қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сақтық шараларын алу мақсатында Полиция бөлімі қызметкерлері көпір басында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Айта кету керек, бұл көпір бұзылған жағдайда да екі ауылдың қатынасы үзілмейді. Себебі басқа да қатынас жолдары бар.

Аудан басшысы аталған ықшам ауданының тұрғындарымен кездесіп, орын алған жағдай бойынша жақын арада оңтайлы шешім қабылданатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы