Еліміздегі ЖЭС-тардың алды екеуіміз тумай тұрғанда салынған – Аманжол Әлтай

3 Сәуір 2024, 11:28
307
Бөлісу:
Еліміздегі ЖЭС-тардың алды екеуіміз тумай тұрғанда салынған – Аманжол Әлтай
Фото: BAQ.KZ -архив

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жылу энергетикасы станцияларының жай-күйін айтып, жауапты министрге сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісменнің сөзінше, жылумен жабдықтау секторындағы жаңартылған энергия көздері объектілерін ынталандыру заң жобасында көзделген. Осы орайда Әлтай қандай технологияларды ынталандыру жоспарланып отырғанын және ол қалай жүзеге асырылатынын сұрады.

Жақында сіздің министрлік 2032 жылға дейін 26 гигабайттық қуаттылықты енгізу жоспарын жариялады. Онда Көкшетаудағы, Семейдегі және Өскемендегі 3 ЖЭС-тан басқа энергия көздері туралы ақпарат жоқ. Жалпы еліміздегі ЖЭС-тардың алды сіз екеуіміз тумай тұрғанда салынған. Ал негізгі дені екеуіміздің сәби кезімізде салынған ЖЭС-лар. Ыңыршағы ауып, қалтылдап өлгелі тұрған, яғни ескірген әрі тиімсіз ЖЭС-ларды жаңғырту мәселесі қалай қолға алынып жатыр? Жылпы сіздерде ЖЭС-ларын жаңғыртудың стратегиялық жоспары бар ма? – деп сұрады депутат Алмасадам Сәтқалиевтен.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев электр желісін дамытудың схемасын депутаттарға беретінін айтты. Сөзінше, құжатта интерактивті карта бар. Онда объектілер жайлы толық ақпарат бар.

Өзгелердің жаңалығы