Алматының ветеринарлық қызметінде көлік паркі жаңартылды

3 Сәуір 2024, 06:19
333
Бөлісу:
Алматының ветеринарлық қызметінде көлік паркі жаңартылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда ветеринарлық көлік паркі 16 жаңа бірлікпен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Қалалық ветеринарлық қызметі» КМК бұралқы жануарларды аулау қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтқанын хабарлады.

Биыл 29 наурыздан бастап жаңа арнайы техникалар қаланың барлық ауданында жүреді. Автомобильдерді аудандарға бөлу және аулау бригадаларын нақты аумақтарға бекіту аудан әкімдіктерімен жасасқан меморандумға сәйкес жүзеге асырылады.

Жаңа техниканы қолдану аулау қызметі жұмысының жеделдігі мен тиімділігін айтарлықтай арттыруға, жануарларды тасымалдау жағдайын жақсартуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адамгершілікпен қарауға мүмкіндік береді.

Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, малдан адамға жұғатын аурулардың алдын алу, Алматы қаласының аумағында қараусыз қалған жануарлардың санын азайту, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы